«Бекітілген бюджеттің шығыстары екі рет нақтыланудың нәтижесінде 980 млрд теңгеге көбейген болатын. Бюджеттің осындай ұлғаюы, біріншіден, әлеуметтік салаға қаржыны көбейтуге мүмкіндік берді. Шығыстардың жартысы, яғни 4 трлн теңгесі әлеуметтік болып табылады», - деді министр.
Атап айтқанда, 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері 9 пайызға көбейді.
«Зейнетақыны төлеуге бюджеттен 1 353 млрд теңге қаржы бөлінді. Азаматтық қызметкерлердің жаңа еңбекақы жүйесі моделін енгізуге 290 млрд теңге бөлінді. Бала тууға жәрдемақы 438 мың алушыға төленіп, оған 33 млрд теңге жұмсалды», - деді Сұлтанов.