Парламент • 18 Мамыр, 2017

Сенатта заңнамаға өсімдіктер мен жануарлар дүниесі бойынша түзетулер қаралды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18 мамырда Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Сенатта заңнамаға өсімдіктер мен жануарлар дүниесі бойынша түзетулер қаралды

Заң жобасын қабылдаудың мақсаты – жануарлар мен өсімдік түрлерінің биоалуандығын, қоғамдастығы мен экожүйесін сақтау мен орнықты дамыту, сондай-ақ «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі заңнаманы одан әрі  жетілдіру қажеттігі мен биологиялық алуандықты сақтау саласындағы халықаралық келісімдерді орындау.

Заң жобасы 14 заңнамалық актіге, оның ішінде 7 кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

Енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар сирек және жойылып кету қаупі төнген өсімдік түрлеріне, орман шаруашылығына, экологиялық талаптарға қатысты болып отыр. Сондай-ақ, сала мамандарын құқықтық және әлеуметтік қорғау, жануарларды біздің елімізге әкелу және елімізден алып кету, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы да өзгерістер бар.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.