Аймақтар • 19 Мамыр, 2017

Жаңаөзендік тәртіп сақшылары ағаш екті

145 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан полициясы – еліміздің ішкі тынышытығы мен тұрақтылығын қам­тамасыз етіп келе жатқан құрылым. Қандай оқиғаларда да елге қалқан бо­лып, кеудесін алдымен оққа тосатын, кез келген сәтте өз өміріне қауіп төн­діретін оқиғалармен бетпе-бет келетін полицейлер екенін елдің бәрі біледі.

Жаңаөзендік тәртіп сақшылары ағаш екті

Қазақстан полициясының ширек ғасырлық мерейтойына маңғыстаулық тәр­тіп сақшылары белсенді іс-қи­мыл­мен, тыныштықты қамтамасыз етудегі дай­ындықпен келді. Олар жұмысқа де­ген жауапкершілікпен бірге, ел мен жер­дің көркеюіне, гүлденуіне өз үлес­те­рін қосуды азаматтық парыз санайды. Ізгі шаралардың бірі  Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасында көрініс тапты, олар  25 жылдық мерекеге арналған іс-ша­раларды  алдымен бастап, басқарма ауласына ағаштар отырғызып, нысан айналасын тазартты.
Жаңаөзеннің көркіне көрік қосамын деп жұмылған жұмысқа  полицей сапын­да­ғы 25 жас буын мен 25 жыл құқық қор­­ғау саласында  еңбек  етіп жүрген аға буын өкілдері және  Жаңаөзен қала­лық ІІБ қызметкерлері қатысты. 
– Бұл шараның мақсаты – жаңадан кел­ген жас тәртіп сақшыларына 25 жыл іш­кі істер органында еңбек өтілі бар аға бу­ындардың тек өздерінің қыз­мет­те­рін­де ғана емес, қоғамдық жұ­мыс­тар­ға да атсалысатындығын ұғын­ды­ру, жас­тарды патриоттық тәрбиеге баулу.  Жа­сы үлкен аға буын өкілдерінен үлгі-өне­ге алып, өз еңбектеріне адалдығын, ха­лықтың ішкі істер органына деген се­нім­ділігін нығайту болатын, – дейді Жа­ңаөзен қалалық ІІБ бастығы, полиция пол­ковнигі Амангелді Асқарұлы.
Аға буынның өнегелі ісіне жас поли­цей­лер де риза. «Тек бұл ғана емес, көп­ті көрген аға-апаларымыздан алатын патриоттық тәрбиеміз де, тәжірибеміз де, үлгі-өнегеміз де әлі көп деп санай­мын», – дейді жас буынның өкілі, Жа­ңа­өзен қалалық ІІБ ӘПТ инспектор по­лицейі Қ.Қаттыбеков.
Жаңаөзендік тәртіп сақшылары қо­ғамға пайдалы іс атқара отырып, әріп­тес­терін мерекемен құттықтап, елімізге ты­ныштық тілеген ақжарма тілектерін жолдады. 

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы