22 Мамыр, 2017

Бейнеттің зейнеті бұйыра ма?

373 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бірыңғай жинақтаушы зейне­т­ақы қорының  басынан бір дау арыл­май-ақ қойды. Халықтың жи­­ып-­терген қаражатының оң­тай­лы жұм­­салмауы бұл жүйеге де­ген сын ға­на емес, сенімсіздік ту­дыр­ған сы­ңайлы. Бәлкім, «көш ж­үре тү­зе­лер...». Әйтеуір, аманатқа бе­ріл­ген ақ­шаға қиянат жасауға мемлекет жол бермесі анық. 

Бейнеттің зейнеті бұйыра ма?

Мысалға, күні кеше ғана Мәжіліс депутаты Азат Перуашев арнайы мә­лімдеме жасады. Онда «Бірыңғай жи­нақтаушы зейнетақы қорының қар­жысына Әзербайжанның халық­ара­лық банкінің 70 млрд теңгеден астам сомадағы облигацияларын негізсіз сатып алу фактісі анықталды. Бұдан бұрын «Ақ жол» фракциясы Казинвестбанкті лицензиясынан айы­ру барысында қауіптілік дәлізінде қал­ған 3 млрд теңге­ге тарта сомадағы қар­жыға қатысты үн­деу жасаған болатын. Сол кезде БЖЗҚ бас­шылығына қа­тысты 5 млрд теңгеге KASE-де кү­мән­ді эмитетпен бағалы қағаздарды алу фактісі анықталған еді. Осыған бай­­ланысты «Ақ жол» фракциясы ата­л­­ған банкке инвестиция салу тура­лы шешім қабылдаған лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды ұсынады...» делінген. 
Демек, біздің жинақтау жүйесіндегі кемшіліктерді тергеннен дәл қазір ұтарымыз шамалы. Бірақ, басқа ел­дер­дің, дамыған мемлекеттердегі зей­нетақы төлеу мен жинақтау жүйе­сінің жайынан хабар етуге бей­ілміз. Ізденіп бақсақ, оңтайлы жүйе ре­тінде әлем мойындаған зейнетақы төлеу үлгісі Америка Құрама Штат­тарында көрінеді. Жалпы, мұ­хиттың арғы жағындағы елде әлеу­мет­тік қамсыздандырудың жайы ұлттық қауіпсіздіктен кейінгі орын­да тұрады екен. Жалпы, Амери­ка­­ның атақты «Әлеуметтік қам­сыз­дан­дыру туралы» заңына сәйкес, бар­лық санаттағы зейнеткерлер федералдық және штаттардың бюд­­жетіне қамсыздандырылады. Әри­­не, мемлекет қамқорлығына екі жағдайда өту мүмкіндігі бар: мү­ге­дектікке және жасына байланыс­ты зей­нетке шығу. Тұтасымен алғанда, Америкадағы зей­нет­ақы төлеу жүйе­сінің негізін сақ­тан­дыру жарнала­ры құ­райды. Ақысы төленетін қызметкер өз табысының 6,2 пайызын міндетті сақ­тандыру жарнасы ретінде өз қо­лай­ына жаққан сақтандыру қорына аударады. Ал жұмыс беруші тара­пы­нан да дәл сондай пайыздық шама­да немесе 107 доллардан кем емес мөлшерде қызметкердің шотына міндетті сақтандыру жарнасы аударылып отырады. Есте ұстайтын ерек­шелік, сақтандыру полисін алма­ған адамды заңмен қудалайды. Жал­пы, АҚШ азаматтарының төс қал­тасында жеке куәліктен бұрын са­лық төлеушінің карточкасы мен сақ­тандыру полисі жүруі тиіс. Кез кел­ген полицей тоқтатып, аталмыш құжат­тар­ды талап етуге құқылы. Дәл осындай талаппен жұмыс берушіге де қатаң қарай­ды. Өз кезегінде жеке тұлға мен жұмыс беруші тарап қосылып төлейтін жоғарыдағы 12 пайыздық жарна болашақ зейнеткердің кепілді қарт­тығы болып табылады. Бұл – жалданып еңбек ететіндерге тән талап. 
Ал жеке компаниясы бар немесе табыс табудың басқа да көз­дері­нен қаржыландырылатын тұлға­лар жо­ғарыда айтылған міндетті сақтандыру жарнасын толық, табысының 12,4 пайызын төлеуге міндетті. Мұнан өзге, ерікті жинақтау жүйесі де жақсы дамыған. Ол қаржыландырудың бір­неше көздерінен тұруы мүмкін. Бірін­шісі, тапқан табысының өзі қа­лағандай мөлшерін жинақтау. Нақты айтқанда, бел­гілі бір компанияда еңбек ететін аме­рикалық өз табысының 90 пайызы­на дейін сақтандыру қорына аудара алады. Бұл жеке тұлға үшін де, жұмыс беруші үшін де тиімді шарт екен. Он­дай аударымдардан салық алынбайды! Бірақ, қатардағы америкалықтың барлығы бірдей мұндай майшелпекке қол жеткізе алмай келеді. Екіншісі, жеке зейнетақы жинағын ашу. Бұл үрдіс мемлекеттік емес қорлардың қа­ты­суы­мен іске асырылады. Тіпті, лицен­зия­сы бар банктер де жинақтаумен айналыса алады. Әдетте, олардың клиенттері шіріген байлар, магнаттар мен олигарх­тар болып келеді. Бірақ байлардың жеке зейнетақы шотына аста-төк қаржы аударылуына тосқауыл қойылған. Мысалға, миллион доллар аударып қойып, қар­тай­ған­да миллион долларлық зей­нетақы алу­ды армандамайсыз да. Ерікті тө­лем – 10 000 доллардан аспауы ти­іс. Бол­маған жағдайда, салынған қар­жы та­быс көзі ретінде қарастырылып, са­лық алынады. Ал Американың са­лық саясаты дегеніңіз... «көп тапсаң – көп төлейсің!» қағидасын ұстанады. Тағы да астын сызып айтарымыз, екі қолына бір күрек ұстап, қуаты барында тынбай еңбек еткен америкалықтың кепілдендірілген зейнетақы көлемі 1000 доллардың шамасынан басталады. Бұған ақша жинақталған кезең аралығында үстеме пайыздарды, қордың инвестициялық табысын қоссаңыз болады. Ал міндетті төлемдерді аудара алмаған, яғни мемлекеттің мойнында отырған адамдардың алатын зейнетақысы біздегі базалық жүйе сияқты төленеді. Оның тұрақты мөлшері 500 доллар шамасында. Аз ба, көп пе?..