09 Желтоқсан, 2016

Дәстүрлі салаларға жаңаша көзқарас

479 рет
көрсетілді
19 мин
оқу үшін
cyes-process-sema«Самұрық-Қазына» қорында және оның портфельдік компанияларында активтердің құнын арттыруға және экономиканың жаңа салаларын дамытуға бағытталған ауқымды өзгерістер орын алуда. Компаниялар тобы қара және түсті металлургия, мұнай, газ-химия және агрохимия өнеркәсібіне қосымша серпін бере­тін бір­қатар ірі жобаларды жүзеге асыру­да. Трансформация бағ­дар­лама­сы аясындағы «Самұрық-Қазына» қорының міндеттерінің бірі – жаңа өндірістерді дамыту жолын­дағы белсенді инвесторға, страте­гия­лық холдингке айналу. Осы бағыт­та атқарылған жұмыстардың нақ­ты нәтижелері туралы «Самұрық-Қазына» АҚ бас­қар­ма төр­ағасы Өмірзақ ШӨКЕЕВ жан-жақты баяндап берді. – Мемлекет басшысының қатысуы­мен 6 жел­тоқ­сан күні Индустрияландыру күніне ар­нал­ған телекөпір өтті. Сіз қан­дай әсер алды­ңыз? Индустрияландыру бағдар­ламасы­на қор қандай үлес қосты? – Өткен іс-шаралардан мен үлкен әсер алдым, шын мәнісінде біз экономиканың құрылымдық өзгерістерінің жүргізілуіне куә болып отырмыз. Осының бәрі 2009 жылы индустрияландыру бағдарламасы арқылы ұлттық деңгейде экономиканы түрлендіруді іске қосқан Елбасының ерекше рөлінің арқасында мүмкін болды. Мұндай ауқымдағы экономиканы индустрияландыру үдерісін ұйымдастыру оңай міндет емес, дегенмен де, ол жаңа жұмыс орындарының ашыл­уын айтпағанның өзінде, барлық инвесторлар мен өнім өндірушілерге жаңа өндіріс орындарын ұйымдастыруға, қазақстандық өнім­дердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға серпін береді. Биыл Ақтоғай кен-байыту комбинаты, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы мұнайды терең өңдеу кешені және Құрық портындағы паром кешені тәрізді ірі және технология­лық жағынан күрделі нысандардың бастау алған­дығы ерекше қуантады. Технологиялық және инфрақұрылымдық нысандарының құрылыс уақыты айтарлықтай қысқартылды. Мәселен, 700 шақырымдық электр беру желілері мен судай жаңа «Семей» аралық стансасын құрайтын «Екібастұз – Семей – Өскемен» электр тарату желілерінің құрылысы жұмысының айтарлық­тай көп болғандығына қарамастан, рекордтық 2,5 жылда жүзеге асырылды. Салыстырар бол­сақ, кеңестік дәуірде осыған ұқсас ауқымдағы «Солтүстік – Оңтүстік» желiлер мен бірінші тран­зит­тік шағын стансаларды салу жобасын іске асыру, жалпы алғанда 10 жылдан астам уақыт алған­дығы біздің есімізде. Жалпы алғанда, 2009 жылы Елбасы бастамашы болған индустрияландыру бағдарламасы­ның ұлттық экономика үшін ауқымдылы­ғы мен маңыздылығы жыл өткен сайын артып келе жатқандығын атап өткім келеді. Бұл ретте, қор индустрияландыру бағдарламасы­ның негізгі орындаушысы болып табылады және өз ісін жалғастыруда. Осылайша, қор алғашқы бес жылдық мерзім ішінде дәстүрлі салаларда жобаларды жүзеге асырды. Құны мен ашылатын жұмыс орындарының саны бойынша қор жобалары бағ­дарламаның шамамен 40% -ын қамтыды. Нәти­жесінде, 1 200 километрден астам темір жол салын­ды, жүк вагондары мен электровоз жасау өнді­рісі ашылды, аффинаж зауыты салынды және жол битумы өндіріле бастады. Жаңа бесжылдық шеңберінде қордың босалқы жобалары бар, қара және түсті металлургия, мұнай, газ-химия мен агрохимия тәрізді басым бағыттардағы бағдарламаларды іске асыруға да белсенді түрде қатысамыз. Қазірдің өзінде бірқатар нысандарда құрылыс белсенді жүріп жатыр және 2 000-ға жуық жұмыс орны ашылды. Барлығы, құрылыс жұмысы кезінде 25 мыңнан астам және пайдалану барысында 4 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Мен, әсіресе, қордың жобаларды қаржыландыру кезіндегі жаңа тәсілдерін атап өткім келеді. Мәселен, бірінші бесжылдықты жүзеге асыру барысында мемлекеттік қаражат белсенді пайдаланылған болатын. Ал жаңа бес жылдықта қаржыландыру құрылымы түбегейлі өзгертіліп, сыртқы инвес­тиция белсенді тартылуда. Бұл бір жағынан, трансұлттық корпорацияларға ерекше назар ауда­ратын халықаралық қаржылық институттар мен банктер тәрізді болғанымен, екінші жағынан, стратегиялық инвесторлар. Мемлекет басшысы трансұлттық корпорацияларды тарту бойынша жұмысты белсендірек жүргізуді тапсырды, біз оны толық қолдаймыз, өйткені, бұл компаниялар тікелей инвестиция әкеледі, компанияларды басқарудың үздік тәжірибелері, заманауи технологиялары да бар, сондай-ақ шетелдік нарыққа шығуға мүмкіндік те береді. – Жақында қор Атырау облысында газ-химия­лық кешенінің құрылысының бастал­ған­дығын жариялады. Неліктен мұнай-химия өнеркәсібі саласына үміт артылып отыр? – Бұл саланың үлкен әлеуеті бар. Мамандар­дың есебі бойынша, 2050 жылға қарай әлем халқы санының 9 миллиардқа дейін жетуі, химия өнеркәсібі өнімдерін тұтынуды 1,5 есеге өсіреді. Әлемнің ең ірі экономикасын иеленетін он ел, сондай-ақ, химия кешені өндірісінің әлемдік көшбасшыларының ондығына енеді. Соны­мен қатар, мұнай-химия өнеркәсібі экономикаға ай­тарлықтай мультипликативті әсер етеді. Эко­номиканың осы секторында бір жұмыс орны ашылса, ол сабақтас салаларда 7,2-ге дейін жұмыс орнын ашуға жағдай жасайды. Әлемнің барлық тұтыну тауарларының 96%-ы мұнай-химиясының қатысуымен өндірілетіндіктен, мұнай-химия өнеркәсібіндегі өндірістің 1 доллар өсімі басқа салаларда 2,3 долларға дейін өсім береді. Бәсекеге қабілетті шикізаты бар біздің елімізде, ІЖӨ-ге мұнай мен газ-химия салымының үлесі 0,02%, Қазақстан тыңайтқыштар және пестицидтерді 230 млн долларға импорттайды, ал минералды тыңайтқыштарды тұтыну бізде ТМД елдерімен салыстырғанда 3-5 есе төмен. Міне сол үшін химия өнеркәсібін қалпына келтіріп, 2009 жылы «Біріккен химиялық компания» (БХК) ЖШС – мамандандырылған операторын құру аса маңызға ие болды. Яғни, ол компанияның жұмыс істеп тұр­ғанына тек 7 жыл ғана уақыт өтті. «Бірік­кен хи­миялық компания» қандай шарт­тарда құрылды және осы уақыт ішінде не істей алды? – Бастапқыда оның активтері де, кіріс базасы да, ресурстық базаға басымдықпен қол жеткізу мүмкіндігі де болған жоқ. БХК әлеуетін, ресурс­тық базасын және қолданыстағы актив­терін бағалап, химия өнеркәсібін дамытудың кешен­ді жос­парын әзірледі. Қазіргі таңда компания 600 тұрақ­ты жұмыс орнымен қамтама­сыз ететін екі зауытты – Степногор қаласында күкірт қышқылын өн­діру және Атырау облысында полимерлік өнім­дерді шығару зауытын іске қосты. Қазір БХК екі кластердің құрылысына ден қойған: Атырау облысында органикалық химия және Жамбыл облысында бейорганикалық химия. Кластерлерді дамыту үшін, оның ішінде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында да инфрақұрылым жасау негіз болып табылады. Біздің ойымызша, «Нұрлы жол» бастамасы осы кластерлердің табысты дамуының маңызды факторы болып табылады, барлық осыған ұқсас шетелдік бәсекелестер бастапқыда мемлекеттің қатысуымен құрылған. Атырау мұнай-химия кластері көмірсутекті шикізатты терең өңдеуді қарастыратын базалық өнімдер: полипропилен, полиэтилен шығаруды қамтамасыз етеді. Жобалардың жалпы құны 10 млрд долларға дейін бағаланады. Біз жобаларды тиімді басқаруды қамтамасыз ете алатын тең инвесторларды тарту үшін белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ағымдағы жағдай мұнай мен газ бағасының құлдырауы кезінде оларды отын ретінде пай­даланудың келешегі бұлыңғыр екенін көрсетуде, бірақ мұнай-химия өнімдерін тұтыну әлемде, әсіресе Қытай, Үндістан, Азия-Тынық мұхиты аймағы тәрізді жылдам дамып келе жатқан көр­шілес нарықтарда қарқынды өсуде. Қазір полипропилен өндіру жобасы іске асырылып жатыр. Зауытты іске қосу 2020 жыл­­дың соңы­­на жоспарланып отыр. Шыққан өнімнің 90%-ы экс­портқа жіберіледі, 10%-ы отандық өндірісті да­мыту үшін Қазақстанда қалады. Полипропилен, полиэтилен тәрізді түпкі өнімдердің төңірегінде шағын және орта бизнес құруға болатын, одан әрі өңдеуге жататын полимерлі өнімдердің 50-ден астам түрін шығару жоспарланып отыр. Бүгінгі күннің өзінде Атырауда импортталатын шикізаттан үш өндірістік желі – полиэтилен пленкалар, полипропилен қаптар және Қазақстанда алғаш рет – биаксальді полипропилен пленкалар өндіру жұмыс істеуде. Тараз химиялық паркін Жамбыл облысының Шу қаласында салуымызға бірнеше себеп бар. Бұл – тораптық темір жол стансасының, «Қазақстан – Қытай» магистральды газ құбырының, KEGOC қосалқы стансасының, Тасөткел қоймасының болуы. Сонымен қатар, тарихи тұрғыдан алып қарағанда, бұл өңірде химия өнеркәсібі саласының арнаулы кадрлары да бар. Біздің мамандарымыз бүкіл Қазақстан бойынша зерттеу жүргізіп, осы өңір химиялық парк салу үшін ең қолайлы аймақ деген қорытындыға келді. Қазіргі уақытта бұл жерде инфрақұрылым нысандарының құрылысы аяқталуда. Химпаркте біз импортты алмастыруға бағыт­талған жоғары қосымша құны бар өндіріс­терді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Алғашқы екі зауытты салып жатырмыз, олар өзара байланысты болады. Ал содан кейін біз шағын және орта бизнес өкілдеріне паркте орналасу­ды және құрылыстарын жүргізуді ұсынамыз. Біз импортты алмастыратын, экспортқа арналған, жоғары технологиялы және бәсекеге қабілетті химиялық өнімдер өндіруге тікелей инвестиция тарту үшін, өз тарапымыздан кез келген инвестор келіп, еш нәрсеге алаңдамай инфрақұрылымға қосылып, жұмысын бастай алатындай қолайлы жағдай жасаймыз. Менің ойымша, Шудағы химиялық парк индустриялық парктер жасаудағы дұрыс көз­қарасты білдіреді: алаң аумағын қоршап қойып, оны индустриялық аймақ ретінде жария­лай салмай, кешенді жоспар құру керек, алдын ала нарықты пайымдап, шикізатпен, электр энергия­сымен қамтамасыз ету және т.б. жұмыстарды атқару қажет. Әрі, бір ірі компания, бұл жерде БХК, «мұз жарғыш» тәрізді барлығының алдында жүруі керек. Осы кластерді дамыту шеңберінде метанол, аммиак, карбамид, күрделі және азоттық тыңайт­қыштар, глифосат, глифосатты гербицидтер және басқалары сияқты негізгі химиялық және агро­химиялық өнімдердің ірі және орта тонналық өндірісін құру жоспарлануда. Сонымен қатар, кластер аумағында өндірістің басқа салалары үшін хлор-сілтілік өнімдерді, мысалы тұз қышқылы, кальций гипохлоридін, натрий гипохлоридін, кальций хлоридін және басқа агрохимиялық өнім түрлерін өндіру жос­парланып отыр. 2016 жылдың мамыр айынан бастап глифосат, гербицидтер және хлор-сілтілі өнімдер өндіру бо­йынша аграрлық-химиялық кешенінің құрылысы басталды, ол өнімнің екі түрі ТМД елдерінде өндірілмейді. Глифосат өндіру 2018 жылы іске қосылады. Ол уақытқа дейін каустикалық сода өндірісін іске қосу көзделуде. БХК барлық жобалары бойынша стратегия­лық серіктестерді тартпақшы. Осылайша өзінің 1 дол­лар қаражатына компания серіктестерінің 1 дол­лар тікелей инвестицияларын және борыш­тық қаржыландыру арқылы 4,6 доллар тартады. Нәтижесінде, 2025 жылы тартылған инвестиция көлемі шамамен 10,6 млрд АҚШ долларын құрайтын болады. Осылайша, Елбасы біздің алдымызға қойған міндеттерді шешеміз: дәстүрлі өндіріс салалары негізінде, кірістер мен олардың дивидендтеріне сүйене отырып, жаңа салаларды құру. Шын мәнін­де, біз қазірдің өзінде осы екі ірі компанияның нақ­ты пішінін көріп отырмыз. Өмірзақ Естайұлы, Үкімет жаһандық өнеркәсіптік және технологиялық үрдістерге сәйкес индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жаңартты. Жаңартылған ИИДМБ-ге «Самұрық-Қазына» үлесі қандай болмақ? – Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында біз қордың рөлін неден көреміз? Шын мәнінде, Елбасының тапсырмасына сәйкес, дәстүрлі өндіріске негізделген жаңа салалардың пайда болуына жағдай жасау. Мен айтып өткендей, ол қара және түсті металлургия, мұнай өңдеу және мұнай, газ-химия, ауыл шаруашылығы химиясы – бұлар дәстүрлі сала болып көрінеді. Бірақ бұл салаларда инновациялар әлдеқашан дамып кеткен. Қор қазірдің өзінде бірқатар жаңа жобаларды іске асыруға кірісіп кетті, соның арқасында алдағы жылдары аймақтарда ауқымды түрде құрылыс жүргізіледі. Мәселен, қордың компаниялары тобына кіретін «Тау-Кен Самұрық» АҚ түсті металлургия саласында екі ірі жобаны жүзеге асырады. Мойындау керек, алғашқы үш жылда «Тау-Кен Самұрықтың» ешқандай келісімшарты да, жобасы да болмады, тек өз тауашасын қарастырды. Қатты пайдалы қазбалар саласындағы алпауыттармен бәсекеге түсудің мәні жоқ еді. «Тау-Кен Самұрық» ерекшелігі ретінде біз кірісі төмен, тау-кен және геологиялық шарттары күрделі әрі салыстырмалы төмен деңгейдегі, терең орналасқан кен орындарын өңдеуді анықтадық. Осындай кен орындарын дамытуды шешкен себебіміз – ондай жерлер елімізде біршама көп – керемет мүмкіндіктер ашады. Әзірленген стратегияға сәйкес, жобалар портфелі 6 бөлім­ше­ден құралған: қорғасын-мырыш, мыс, қара металлургия, асыл металдар, сирек металдар және кремний өндірісі. Осылайша, нөлден құрылған компания тек 2012 жылы ғана жылдам дами бастады. Инновациялық жобаларының арқасында табыстылыққа шықты. Бүгінгі күні компанияның активтерінің жалпы құны 562 млрд теңгені құрайды. 4-3Осы жобалар туралы толығырақ айтып өтсеңіз. – «Тау-Кен Самұрық» активтерінде іске қосылған екі зауыт бар: өткен жылы 10 тонна таза алтын құймалары өндірілген Астанадағы аффинаж зауыты және Қарағанды облысындағы кремний өндірісі. Кәсіпорынды қалпына кел­тірудің арқасында 400-ге жуық қызметкерді жұмыс­қа қайта алуға мүмкіндік туды. Зауыттың барлық өнімдері Германия мен Америка Құрама Штаттарына экспортталады. Жалпы алғанда, биылғы жылдың тек бірінші жартысында, «Тау-Кен Самұрық» шамамен $ 50 млн көлемінде шоғыр­ландырылған пайда алды. Даму перспективаларына келер болсақ, «Тау-Кен Самұрық» тау-кен байыту комбинатын іске қосу жоспарланған «Шалқия» кен орнын өңдеуге кірісіп кетті. Ол қорғасын және мырыш кенін өндіруші ірі кен орны, осыдан 40 жылдан астам уақыт бұрын ашылған еді, әлемде үшінші деп есептелетін, қазір сегіздікке кіреді. «Шалқия» өте перспективалы кен орны болып табылады. Алайда, жылдар бойы ол құрамында кремнеземнің, қарапайым сөзбен айтқанда, құмның көп болуына байланысты өңделмей келді. Мәселен, бүкіл әлемде қолданылатын пирометаллургияның дәстүрлі әдісі бойынша, яғни жоғары температура әсерінен олар құм пештерде гельге айналып, сүзгілерді бекітіп тастайды. Осындай концентратпен жұмыс істеу үшін, пешті қайта-қайта өшіріп оны тазартып отыру қажет болар еді. Ал үздіксіз өндіру пешін тоқтату – елеулі шығынға ұшыратады. Қажетті технологияларды іздеу үшін инжиниринг компаниясы бір жыл уақыт жұмсады. Кремнезем құрамын байыту нәтижесінде 3,5% болатын концентрат алуға мүмкіндік беретін технологиялық жетілдіру табылды. Қазіргі уақытта, жобаның банктік техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу және кенішті халықаралық стандарттар бойынша жобалау аяқталды. Концентратты «Казцинкке» жеткізу туралы уағдаластыққа да қол жеткізілді. Жобада қарастырылған өндіру мен өңдеу технологиясы тіпті әлемдік өнеркәсіп деңгейінде де инновациялық және бірегей болып табылады. Осының арқасында жобаның табыстылығы жоғары, жерасты кенішінен жылына шамамен 4 млн тонна кен өндіріледі. Айтпақшы, жоба кредиторы – минералдық ресурстарды өңдеу саласында қоршаған орта мен еңбек қауіпсіздігі мәселелерінде ең жоғары талап қоятын Еуропа қайта құру және даму банкі. «Тау-Кен Самұрық» өз кезегінде тағы бір кен орнын қамтиды, ол қорғасын кенішін қайта өңдеу үшін біздің тау-кен байыту комбинаты құрылысын салуды жоспарлап отырған Қарағанды облысындағы – «Алайғыр». Технологиялық серіктесі – әлемге әйгілі MetsoMinerals фин компаниясы. Қаржыландыру екінші деңгейлі банктердің кредиттік желілері есебінен қамтамасыз етілетін болады. Өндірілген өнімді – қорғасын-күміс концент­ра­тын қазір Ресейден шикізат импорттап отырған «Казцинк» толық сатып алады. Бұл Қазақстаннан жоғарырақ қосымша құны бар өнім экспорттауға мүмкіндік береді. Кәсіпорындарында 700-ден астам жұмыс орны ашылады, оның ішінде зауыт Қарағанды облысының тау-кен саласының жабылып жатқан кәсіпорындарының қызметкерлерін жұмыспен қамтуды жоспарлауда. Келесі кезекте Солтүстік Қатпар мен Жоғарғы Қайрақты кеніштері, олар да біршама күрделі, онда біз қазір технологиялық сынақтар жүргізудеміз. Осы күрделі жобалардың барлығы көп шығын­дарды талап ететіндіктен, жеке бизнес­тің қызы­ғушылығын тудырмайды. «Тау-Кен Самұрық» өз қызметі аясында бұл жобалар өңір­лердің эконо­ми­калық дамуы, әлеуметтік проблемаларды шешуі тұрғысында инвестиция­лық тартымдылығы мен әлеуетінің жоғары екенін дәлелдеді. «Тау-Кен Самұрық» стратегиясы нысандар салу, іске қосу және артынша олардан стра­тегиялық серіктеске сату немесе IPO арқылы шығуға негізделеді. Мысалы, 2014 жылы «Тау-Кен Самұрық» Қарағандыда металлургиялық кремний өндіретін кәсіпорынды «нөлден» қалпына келтірді, ал ол кәсіпорын қазір өзінің жобалық қуатына шығып, тұрақты жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта, біз бұл жобаның бақылау пакетін үлкен трансұлттық корпорацияға сату туралы келіссөз жүргізіп жатырмыз. Осылай инвесторларға сату үшін активтер жасау әдісі болашақта «Шалқия» мен «Алайғыр» тәрізді басқа да жобаларға қатысты қолданылады. Әңгімелескен Рысты ӘЛІБЕКОВА