Астана әкімі Әсет Исекешевке EXPO-2017 жаңа логотипі көрсетілді, - деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі. Әр апта сайын Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу мәселелері жөніндегі штабтың кезекті отырысында Әсет Исекешевке EXPO-2017 көрмесінің жаңа логотипі таныстырылды. Сонымен қатар, отырыста еріктілерді тарту бойынша бірқатар мәселелер қаралды. Жалпы қала басшысы барлық тапсырмаларды егжей-тегжей пысықтауды жүктеді. Отырыс шеңберінде көліктік қамтамасыз ету, жол қозғалысын ұйымдастыру, азық-түлік жеткізу, мәдени-бұқаралық шаралар күнтізбесі сияқты мәселелер талқыланды. "Штаб көрме барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударып отыр. Сол себепті әр апта сайын жиынға қаланың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғалар шақырылады. Көрме қонақтарына жайлы жағдай жасау тақырыбы да қозғалды. Оларды елордада орналастыру және қала ішімен жүруіне қатысты бағыттар әзірленді", - делінген елорда әкімдігінің хабарламасында.
Бүгін – Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбековтің туған күні
Қоғам • Бүгін, 13:45
Армения Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Президент • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:23
Кінәлілерді әшкерелеу үшін барлық шара қабылданады - Бас прокуратура
Заң • Бүгін, 11:25
Талғарда көз жұмған жасөспірімнің үйі өртенді, полиция мәлімдеме жасады
Аймақтар • Бүгін, 10:47
Қайтарылған актив әлеуметтік жобаларға жұмсалады
Қоғам • Бүгін, 10:30