07 Қыркүйек, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №765

353 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
2011 жылғы 2 шілде,   Астана, Үкімет Үйі Кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің айлаққа келуіне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау қағидасын бекіту туралы «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 18) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің айлаққа келуіне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі №765 қаулысымен бекітілген Кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің айлаққа келуіне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсіру,  жүктерді тиеу,  түсіру және сақтау қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің айлаққа келуіне, арқандап байлануы­на және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 18) тармақшасына сәйкес әзірленді. 2. Қағида Кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілерінің айлаққа келуіне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылыстарға, жолаушыларды кемелерге отырғызуға және кемелерден түсіруге, жүктерді тиеуге, түсіруге және сақтауға қойылатын талаптарды белгілейді. 3. Қағида Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. 4. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) уақытша құрылғылар және жүзбелі құрылыстар (бұдан әрі – құрылыстар) – кемелердің қауіпсіз тоқтап тұруына, жүкті өңдеуге және қызмет көрсетуге арналған, порттың немесе айлақтың құрамындағы уақытша инженерлік гидротехникалық құрылыс (дебаркадерлер, айлақтық понтондар, жүзбелі: қонақ үй, жатақхана, демалыс үйі, мейрамхана, шеберханалар); 2) арқандап байлау – кеменің айлаққа, пирске немесе басқа кемелерге жақындап келуі және бекітілуі бойынша іс-қимылдар. 2. Кемелердің, салдардың және өзге де жүзу объектілердің айлаққа келуіне, арқандап байлануына және тоқтап тұруына арналған уақытша құрылғылар мен жүзбелі құрылыстарды орналастыру, жолаушыларды кемелерге отырғызу және кемелерден түсіру, жүктерді тиеу, түсіру және сақтау тәртібі 5. Құрылыстар тасымалдардың транзиттік, аралық және соңғы пункттерінде орнатылады. 6. Құрылыстар жағалауға кемелерге, салдарға және өзге де жүзу объектілеріне, сондай-ақ жолаушыларға, жүктер мен багажды мен багажды түсіріп, тиеуді кезінде қамтамасыз ететіндей түрде қауіпсіз қызмет көрсетуді арқандап байланады. 7. Құрылыстарды орнату Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесінің рұқсаты бойынша жүзеге асырылады. 8. Рұқсат иесінің мынадай құжаттар қоса берілген өтінімі негізінде беріледі: 1) еркін нысандағы өтініш; 2) жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжат немесе өкілдің өкілеттігін растайтын құжаттар және оның жеке басын куәландыратын құжат; 3) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік: 4) күту рейдтерінің орнын және кемелердің айналымын құрылысты көрсете отырып, орналасу жеріне байланыстыра отырып, орнату орнының схемасы; 5) навигациялық белгілерді орналастыру схемасына өзгерістер мен толықтырулар; 6) егер құрылыс Заңға сәйкес кеме болып есептелген жағдайда, кеме құжаттарының көшірмелері (сыныптау куәлігі, кеме куәлігі, кеменің жүзуге жарамдылығы туралы куәлік, жолаушы куәлігі (жолаушы кемелері үшін). 9. Рұқсат өтінім алынған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей беріледі. Мынадай жағдайларда: 1) осы Қағиданың 8-тармағында көрсетілген құжаттардың мәліметтері және көшірмелері толық көлемде ұсынылмаса; 2) егер рұқсат алуға арналған өтініммен тиісті емес тұлға жүгінсе; 3) өтінімде көрсетілген мәліметтер дұрыс болмаса; 4) тазартып өшіру немесе қосып жазу, сөздердің өшірілуі және онда айтылмаған түзетулер, қарын­даш­пен жазылған құжаттар, сондай-ақ олардың мазмұны түсінікті емес бүлінген құжаттар бар болса; 5) егер де құрылыс Заңға сәйкес кеме болып есептелген жағдайда, кеме құжаттарының қолданыс мерзімдері және кемені жыл сайынғы техникалық куәландыру мерзімдері аяқталса, рұқсат беруден бас тартылады. 10. Жолаушыларға қызмет көрсету үшін құрылыстар: 1) құтқару, сигнал беру және өртке қарсы құралдармен; 2) тіркеп сүйреу кнехталарымен, кеменің алдыңғы және артқы жағы үшін арқандап байлау құралдарымен және жағалау жақтан тірек құралдарымен; 3) ені кемеден құрылысқа кемінде 1 метр және құрылыстан жағалауға кемінде 2 метр орташа шыбығы бар, биіктігі 110 сантиметр тұтқалармен қоршалған берік және қауіпсіз басқыштар; 4) мүгедектер арбашасындағы мүгедектерді отырғызуға және түсіруге арналған құралдар; 5) құрылыс корпусында теплоходтың отырғызу алаңы деңгейінде орнатылған отырғызу алаңы, теплоходтың негізгі палубасы деңгейінде отырғызу эстакадасымен. Кез келген жағдайда траптың көкжиекке көлбеу бұрышы 30 градустан аспайды; 6) жерге тұйықтағыш құрылғымен жабдықталады. 11. Жолаушы үй-жайлары бар дебаркадерлері болмаған елді мекендерде павильондар, ал қала маңындағы желілер мен өткелдерде орындықтары бар шатырлы қалқалар салынады. Бұл ретте осындай павильондардың иелері жолаушылардың қауіпсіздігі мақсатында жолаушыларды отырғызу және түсіру орындарын қажетті құрылғылармен жабдықтайды. 12. Құрылыстарға кіреберіс жолдар жиектемесі, қарсы келетін автокөліктің жүріп өтуі үшін жүру бөлігінің жеткілікті ені бар қатты жабынмен, автокөлік тұруға арналған орынмен, периметрі бойынша жарықтандырумен, қоқысты жинау орнымен, ал жолаушылар порттарында (жолаушы айналымы күніне 300-ден астам адам) қосымша – су құбырымен және кәрізбен жабдықталады. 13. Айлақтық жақтау понтондары жолаушыларды отырғызу және түсіру кезінде кемелерді қауіпсіз арқандап байлау үшін терең жерлерінде орнатылады. 14. Жүк-жолаушы құрылыстары қайта тиеу жұмыстары үшін құрылғылармен, жүк пен багажды уақытша сақтау үшін қойма алаңдарымен, жүктер үшін жабық үй-жайлармен жабдықталады. 15. Тиеу-түсіру жұмыстары пункттерінде жағалау мен кеме арасында жүзбелі понтондар қолданылады. Бұл жағдайда тиеу механизмі жағалауда немесе тікелей кемеде орналастырылады. 16. Мұнай құю жүктерін тиеу-түсіру жұмыстары үшін сорғылар орнатылған құрылыстар тұрғын үй мен өндірістік ғимараттардан, тиеудің жалпы орындарынан және кемелердің тұрағынан кемінде 250 метр қашықтықта елді мекендерден төмен орналасады.