Аягөз деген аядай бұлақ деседі,
Жұрттарда қалған жұмбақты кімдер шешеді.
Аягөз болып ғасырлар алға көшеді,
Аягөз – Ая, арулар елі кешегі...
Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевты тебіренткен арулар елі, ақындар елі Аягөзде тарихтан сыр шертетін ескерткіштер аз емес. Қос ғашықтың құрметіне бой көтерген бір ғана «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мазарының өзі неге тұрады?! Ғашық демекші, Аягөз қаласының өзінде жастар жиі бас қосатын, талай бойжеткен мен бозбаланы таныстырған, табыстырған әдемі бір жер бар. Бұл – шағын ғана шаһардың «7 квартал» аймағында орналасқан 60 жылдық тарихы бар алтыбақан.
Қала тұрғындарының сағынысып бас қосатын шуақты мекеніне айналған алтыбақанды кімдердің орнатқаны белгісіз. Белгілісі, бұл жерден адам арылмайды. Қысы-жазы. Бәлкім, егде жандар жалынды жастық шағын, бұла күндері мен құла түндерін сағынатын, іздейтін болар осы жерден. Ал жастар аягөздіктерді 60 жыл бойы тербетіп келе жатқан алтыбақанның тарихына тамсанады.
– Бұл алтыбақан біздер үшін тым ыстық. Мен 1960 жылы Аягөз қаласында дүниеге келдім. Балалық, жастық шағымыз осы алтыбақанның маңайында өтті. Алтыбақан кейін Ташкент қаласында әскери борышымды өтеп, жоғары оқу орнында білім алып жүрген кездерімде де жадымнан бір сәт өшпеді. Енді қазір менің балаларым мен немерелерім осы жерге жиі келеді. Бұл алтыбақанды жастық дәуренімнің менімен бірге тербелген шақтары деп білемін, – дейді осында туып-өскен Бейсен Елубаев есімді азамат.
P.S: Қазақтың қабырғалы қаламгері Қабдеш Жұмаділовтің «Соңғы көш» романының бір тұсында «Қайран, Алтыбақан! Театры, операсы, филармониясы жоқ көшпелі елдің көңіл ашары болған Алтыбақан! Кең даланы әнмен жаңғыртып, жас жүректерді махаббат бесігінде тербеткен Алтыбақан!» деп төгілдіре жазатыны бар. Аягөздегі алтыбақан осы жолдарды еріксіз еске түсірді.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген
Берікхан ТАЙЖІГІТ

Алаяқтар WhatsApp аккаунтыңызды қалай бұзып алуы мүмкін?
Қоғам • Бүгін, 18:23
21 жасқа толмаған 19 мың адам микронесиесін төлей алмай жүр
Қаржы • Бүгін, 17:50
Камбоджа мен Таиланд атысты дереу тоқтатуға келісті
Әлем • Бүгін, 17:22
Павлодарда жол-көлік апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Қоғам • Бүгін, 17:03
Қонаевта «Хан Тәңірі», «Самғау», «Заңғар» сыйлықтарының жеңімпаздары марапатталды
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қазақстанның екі облысында жол жабылды
Ауа райы • Бүгін, 16:33
«Анна Каренина» хореодрама тілінде сахналанады
Мәдениет • Бүгін, 16:18
Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жоспары бекітілді
Есірткі • Бүгін, 15:51
Астанада әлеуметтік саланы кешенді дамытудың басымдықтары талқыланды
Үкімет • Бүгін, 15:39
Жапониядағы жаппай жол апаты: 56 көлік соқтығысып, өрт шықты
Әлем • Бүгін, 15:18
Астанада сауда орталықтарынан парфюмерия ұрлап келген күдікті ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 14:59
Малайзиядағы ең ірі жемқорлық жанжалы: экс-премьер 15 жылға сотталды
Әлем • Бүгін, 14:43
Атырау облысында сталкинг бабы бойынша алғашқы үкім шықты
Заң • Бүгін, 14:30
Бадминтоншы Дмитрий Панарин Даккада дара шықты
Спорт • Бүгін, 14:09
Қарағанды облысында жолда қалып қойған 32 жолаушы құтқарылды
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:53