03 Ақпан, 2017

Мал ұрлығы мазаны алып тұр

322 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Әңгімеміздің әлқиссасын әзіл­ден бастайық. Әлдебір ауыл­­да бір баукеспе ұры қай­тыс болыпты дейді. Қылт ет­кен­ді қалт жібермейтін, ас­қан ептілікпен қорадағы малды жым­қырып кететін кәнігі қарақ­шы екен әлгі. Содан жұрт­шы­лық жаңағының жаназасына жи­нала­ды. Әдеттегі рәсім бойын­­ша молда жиналған жама­ғат­қа «Қандай адам еді?» деген сауал тастайды. Ешкім үн қат­пай­ды. Содан екінші рет қай­та­лай­ды. Құдай-ау, тырс ет­кен адам болсайшы. Бар­лы­ғы тілін жұтып қойғандай, үн­сіз. Болмағасын үшінші рет сұ­райды молдекең. Құлаққа ұр­ған танадай тыныштықтың ара­сы­нан бір дауыс шығыпты да, былай депті: «Малға болмаса, адамға аса зияны жоқ еді ғой, жарықтықтың». «Қысыр сөз күлмекке жақ­сы» ғой. Дегенмен, мынау күле­тін нәрсе емес еді. «Өкпеге қиса да, өлімге қимайтын» қазақы ғадеттің өзі осы арада ысы­ры­лып ыза мен ашуға орын беріп тұр. Абай атамыз айтатын «Қазақ­тың өлген кісі­сінде жаманы жоқ» дейтін сөзі де мына жерде мәні мен маңызын жоғалт­қан­дай ма, қалай? Өйткені, ға­сыр­лар бо­йына жалғасқан дәст­үр бойын­ша біздің жұрт өл­ген адам туралы жа­ман пікір айт­пай­­тын. Бірақ тірі күнінде жұрт­қа ты­ныш­тық бер­меген, өзгенің маң­дай тер, табан ақы­сы­мен жиған адал ма­лын ұр­лап, аядай ауыл­дың берекесін қашыр­ған ұры тура­лы ешкімнің бірауыз «жақ­сы адам еді» деп айтуға тілі бар­ма­­ға­­нын түсінуге де болатын сияқты. Мұны неге айналсоқтап отыр­­мыз? Соңғы кездері мал ұр­­­­лы­ғы көбейді. Жылқыны үйі­­рі­мен қуып кетіп жатқан жағ­­дай жайын­да, бетіне қарап отырған бірер қарасын түнде келіп ұры­лар­дың көтеріп кеткені тура­сында, өрістегі сиырын сол жер­­де сойып алып, етін ба­зар­­ға жөнелт­кені хақында жиі ести­тін болдық. Жоқ ізде­ген бір адам. «Жау жағадан ал­ған­­да, бөрі етектен тартады» дей­­тін­дей, дағдарыс келген за­ман­да ұры­лар­дың да қаптауы таңқа­ларлық дүние емес тәрізді. Дей тұр­ған­мен, бір теңгесін екі ете алмай, бір малының ба­сын көбейте алмай отырған қа­­ра­ша халықтың обал-сауабы кімге? Мұны ой­лай­тын ұры бар дейсіз бе? Мы­салы, 2015 жылы Қызылорда об­лы­сында 852 мал ұрлығы дерегі тіркеліпті. Бұл құқық қор­ғау органдарына арызданған рес­ми адамдардың ғана дерегі. Ал қазақылыққа салып, әне-міне табы­ладымен жүріп, ақыр соңы күдерін үзіп, «Құдайы садақа» дей салған адамның нақты санын ешкім білмейді. Жыл­дар бойына жал­ғасып келе жатқан осы бір мінезді де түсі­не алмаймыз. Жо­ғалған мал қалай садақа бо­ла­ды? Садақа, құр­бан­дық дегеннің өзіндік талап-тәр­тіптері болмаушы ма еді? Әсілі, бұл да бейқамдық пен шара­сыздықтың бір көрінісі шы­ғар. Әйтпесе, баладан бетер мәпе­леп, өсіріп, басын көбейтіп отыр­ған дүниесі жоғалған адам «садақа» деп қарап отырар ма? Ал былтыр мал ұрлау дерегі ай­­тар­­лықтай қысқарыпты. 667 жағ­­­дай ресми органдарға хабар­ла­н­­ған. Қылмыстың ашы­лу де­регі де 14 пайызға жақ­сар­ған. Біраз адамның жоғы табы­лып, қолының сұғанағы бар­лар жа­за­сын алған. Құқық қор­ғау орын­­дарының нақты жұмы­сы­ның ар­қасында мал ұрлығын кәсіп еткен 11 қыл­мыстық топ­тың іс-әрекеті әшке­реленіпті. Ал осы топтардың құрамында 41 адам болған. Жеңіл пайданы кә­сіп ет­кендердің 74 мал ұрлы­ғы қыл­­­мы­сына қатысы бары анық­тал­ған. Ұйымдасқан қылмыстық топ­тың қалай жұмыс істегенін осы дерек дәйектеп тұрған­дай. Мал­­дан мал қоймаған ғой, құр­ғырлар. Өткен жылдың қазан айында Қазалы ауданы, Жалаңтөс Баһа­дүр ауылының тұрғыны түн мез­гілінде мал қорасынан екі бас қойын белгісіз біреулер ұрлап кеткені жөнінде арызданған. Шы­ғын­­ның жалпы құны 50 000 тең­­ге деп есептелген. Со­дан по­­­ли­­­ция жедел іздестіру жұ­мыс­­­­­тары­на кірісіп кетеді. Ұры­лар­­дың ізін суытпай, ұстайды. Со­ның нәтижесінде төрт адам қо­л­ға түседі. Тексере келгенде бұ­л­ар­­дың бірінші рет ұрлық жа­сап отыр­мағаны белгілі бо­ла­ды. Бірін­ші рет дейміз-ау, ұр­лық­ты әб­ден кәсіп қыл­ған­да­ры анық­та­лады. Ақырында әлгі төртеу аудан көлемінде 36 мәрте мал ұр­ла­ғандарын, оны қайдан алып, қай­да сат­қан­дарын тәтпіштеп баян­­дай­­ды. Содан осы жағдайға бай­­ла­­ныс­­ты, Қылмыстық ко­­декс­­тің 188-бабының 2-бө­лігі 1,3-тар­­мақтары бойын­ша қыл­мыс­­тық іс қозғалып, күдік­­тілер Қаза­лы аудандық ішкі істер бөлімі­нің уақытша ұстау оқ­­шау­­ла­ғы­шына қамалады. Тер­геу жұ­мыс­тары барысында күдік­ті­лер­ден жауап алынып, атал­ған іске қа­тысы бар басқа да аза­мат­т­ар анық­талды. Айғақ зат­тар дәлел­де­ме ретінде қосым­ша тіркелген. Бір ұрлықтың артынан қанша қыл­мыс­тың балалап шыққанын көріп отырсыз. Сондай-ақ, мұның барлығын бар-жоғы төрт-ақ адам жасаған. Әрине, кімнің үйінде қандай мал барын, күйі қандай екенін айтып отырған сыбайластары да болған. Ал негізгі тірлікті осы төртеу тын­дырып жүрген. Айналасына жаудай тиген баукеспелер өз­де­рін өмірі ұсталмайтындай се­зінсе керек. Сондай сезім мен қанағатсыздық оларды ақыры түрмеге тоғытып тынды. Шиелі ауданында мынандай жағдай болыпты. Осы қаңтар айының 22-сі күні түнде Еңбекші ауылының арғы жағында, Қара­таудың қапталында орналасқан «Жалғыз ағаш» жайылымындағы малшы қорасынан 2 бас қойын белгісіз біреулер ұрлап кеткені туралы арызданады. Жал­пы құны 50 000 теңге шығын кел­тір­генін көрсетеді. Аталған арыз негізінде жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәти­жесінде не болған деңіз? Әлгі кісінің қойлары жайылымда дін-аман, қайта екеуі де төлдеп жатқан жерінен табылады. Солай­ша, ешқандай ұрлықтың бол­мағаны белгілі болды. Екі қой төлдеген 2 бас қозыларымен бірге иесіне қайтарылды. Біз мұ­ны ұрылардан әбден запы бол­ған, зәрезап жағдайға түс­кен, жүрегі шайлығып қалған адам­­ның үрей мен қорқынышқа толы күйі дер едік. Қорасынан бей­сауыт уақытта шығып кеткен қой­ларын ұрландыға санап, әбі­герленіп арыздануының өзі езуге күл­кі үйіргенімен, шындығында ақ-адал дүниесінен қапыда айы­рылып қал­майын деген ниетін ғана аңғарамыз. Өйт­кені, көзі тай­са, алдындағысын айдап кете­­тін анталаған ұрының ен дала­­да еркін жүргенін біледі ол. Сондықтан жемтік аңдыған құз­­­ғын секілді қарақшылардан ша­­ма­­сы келгенше қорғануын қол­­дау керек және содан өзгелер де үл­­гі алуға тиіс қой деп ой­лаймыз. Осы арада мына жайтты баян етпесек болмас. Аймақ бас­шысы былтыр мал ұр­­лы­ғына қатысты нақты іс-ша­ралар жоспарын бекіткен. Сол бо­йынша оған жауапты орын­­дар, орындалу мерзімі және істелуге тиіс жұмыстар белгі­леніп, жалпы жағдайдың бары­сы ай сайын облыс әкімі орын­ба­сары­ның бақылауына алын­ған болатын. Солайша, облыс­тағы 66 ауылдық округ бақ­ташы­лармен қамтамасыз еті­ліп, 5 аудан орталықтарында мал сата­тын базарлар ашылды. Және барлық мал соятын жер­лер­ге бейнебақылау ка­ме­рала­ры ор­натылды. Тұрақты түр­де бақ­­­ташы­мен қамтылған Шиелі ауда­ны Нар­тай Бекежанов ауыл­дық округінде соңғы 3 жылда бірде-бір мал ұрлығы бол­ма­ғанды­ғы жиі мысал ретінде айты­лып жүр. Сонда да, ұрылар да заңның құрығы мен адамдардың обал-сауабына қарамай қарақшылық әрекеттерін тоқтатар емес. «Ет тәттілігін қоймаса, мен ұрлы­ғым­­ды тыймаймын» дейтін қас­­қыр­­дан да бетер дерсің. Сон­дық­­тан ұрлыққа қауым, ауыл бо­лып қарсы тұру керек. Әйт­пе­се, «Екі көзің Назарда, екі сиы­­рың базарда» деген жа­зуды қора­ңыз­ға жазып, қарқ-қарқ күлген ұрының күлкісі құла­ғыңыздың түбінен естілуі бек мүмкін. Ержан БАЙТІЛЕС, «Егемен Қазақстан» Қызылорда облысы
Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20