Қазақстан Президентінің биылғы Жолдауын талқылау, мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу, жастардың өткір мәселелерін ортаға салу – осы кездесудің басты тақырыбы болды.
Мәжіліс депутаты Бақтияр Мәкен облыста осыған дейін жұмысшылармен, зиялы қауым өкілдерімен, студенттермен болған кездесулерден алған әсерін баяндады.
– Жастармен жүздесуге мен әрқашан асығып тұрамын. Бүгін Жәңгір хан атындағы аграрлық университет студенттерімен кездестік. Өте орынды, ұтымды ұсыныстар айтылды. «Болашақ» қауымдастығының осы өңірдегі бөлімшесіне де дән ризамын. Әрдайым ұйымшыл, ел тағдыры шешілетін мәселелерге сергек қарап, бастамаға үн қосып отырады. Оның үстіне Батыс Қазақстан облысын басқарып отырған Алтай Көлгінов те «Болашақ» бағдарламасының түлегі ғой. Сондықтан, бұл өңірде жастар пікіріне, жастар мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді, – деді депутат.
Бақтияр Мәкен Конституцияға енгізілетін өзгерістер, билік бөлінісі секілді тақырыптарға жергілікті жастардың көзқарасын білу депутаттар үшін өте маңызды екенін мәлімдеп, бұрын елімізде болған «Жастар Парламенті» жобасы қайта жанданатынын айтты. Жастар Парламентіне саяси көзқарасы қалыптасқан көшбасшы жастар іріктеліп алынбақ. Олар жалаң ұранмен жұмыс істемей, заң тетіктеріне қатысты нақты ұсыныстар айта алатындай күш болуы тиіс. Жобаға өңірдегі «Болашақ» түлектері көбірек тартылмақ.
Кездесуде Ақжайық өңірінде қызмет етіп жүрген болашақтық мамандар, жастар серкелері ашық-жарқын ой бөлісіп, көптеген ұсынысты ортаға салды.
«Болашақ» қауымдастығы БҚО бойынша филиалының жетекшісі Салтанат Түменбаеваның айтуынша, бүгінде өңірде «Болашақ» бағдарламасының 140-тан аса түлегі әртүрлі салада еңбек етіп жүр.
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»
ОРАЛ

Астанада 1 мамырдан бастап Есіл бойымен кемелер қатынай бастайды
Елорда • Бүгін, 11:47
Дем алу қиындайды: Бүгін ел тұрғындарына далада серуендеу уақытын шектеу ұсынылады
Ауа райы • Бүгін, 11:25
Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алушылар жауапқа тартылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 11:09
Атырауда мектеп оқушысын автобус қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 10:53
Шымкентте әкімдіктен 10 млн теңге бопсалаған блогер сотталды
Оқиға • Бүгін, 10:21
Федералды жаза: АҚШ-та ең ауыр қылмыс жасағандарды газбен тұншықтыруы мүмкін
Әлем • Бүгін, 10:08
Солтүстікте жел күшейіп, оңтүстікте күн ысиды: 25 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:24
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:04
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Кеше
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Кеше