08 Ақпан, 2017

Мәжілісмендермен кездесті

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Жас Отан» жастар қанаты Астана қала­лық филиалы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Президент өкілеттіліктерін билік тармақ­тарына бөлу туралы Үндеуін және «Қазақ­станның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқы­лау үшін жастармен кездесу өткізді. Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаттары Павел Казанцев, Жәмила Нұрманбетова, Бақыт­жан Әбдірайым, Жексенбай Дүйсебаев, Зағипа Балиева, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агро­те­х­­­никалық университеті ректорының бірінші орын­басары Айтжан Әбдіров және студенттер қатысты. Кездесуге қатысушылар Мәжіліс депу­тат­тарына ойландырған сұрақтарын қоя алды. Атап айтқанда, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротех­никалық университетінің 3-курс студенті Айсұлтан Бағдат уақытша міндетті тіркеу заңына байланысты сұрағын қойған болатын. – Уақытша міндетті тіркеу заңы енгізілген­нен бері пәтер жалдап тұрушы студенттерге ауыр тиді. Пәтер иелері тіркеуге тұрғызғаны үшін пәтер­ақы­ны жоғарылатуда, ал кейбір пәтер иелері тіркеу­ге тұр­ғызбаймыз деп пәтерлерінен қууда. Осы мә­се­лені шешуге қандай көмек бере аласыздар? – деді ол. – Олар заң бойынша сізді тіркеуге міндет­ті. Егер де тіркеуден бас тартып жатқан жағдай­лар­да сіз бізге шағымданыңыз, – деп жауап қайтар­ды Парламент Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева. Сонымен қатар, кездесуде Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа реформасы, білікті мамандардың жетіспеуі, қажетті технологияларды сатып алуға қаражаттың аз бөлінуі туралы сұрақтар қойылды. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан» АСТАНА