08 Ақпан, 2017

Ел экономикасында әр аймақ маңызды

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс бабындағы сапары барысында Сарыағаш ауданында болды. Сенатор Сарыағаш қаласында аудан активімен, жер­гілікті мәслихат депутаттарымен, қоғамдық ұйым­дар және бұқаралық ақпарат құралдары­ның өкіл­дерімен, ауыл тұрғындары және жас­тар­мен кез­десті. Жүздесуде Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаң­ғы­руы: жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жол­­­дауы мен конституциялық реформаларды тү­сін­­діру және насихаттау жөнінде жан-жақты әңгіме өрбіді. Жолдаудағы бес негізгі басымдыққа тоқталған сенатор еліміздің экономикасын өркендетуде әр өңір­дің маңызы бар екенін ерекше атап өтті. Стра­те­гиялық құжатта Елбасы алға қойған міндеттер ая­сын­да 2050 жылға қарай әлемдегі ең дамыған 30 ел­дің қатарына ену үшін экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесін 50 пайызға арттыру және шикі­зат­тық емес экспортты дамыту қажеттілігі айтылды. Жиын барысында «Нұр Отан» партиясы Сарыағаш аудандық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары Полат Тұрсынбаев аудан көлемінде Президенттің халыққа Жолдауы мен Үндеуін түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізіліп жатқанын айтып өтті. «Жас Отан» жастар қанаты Сарыағаш аудандық бөлімшесінің төрағасы, Сарыағаш аудандық жастар орталығының инспекторы Нұрғали Отаров Жолдауда айтылған мақсат пен міндеттердің жастарға қатысты тұстарына тоқ­тала келіп, қойылған міндеттердің жауапты екенін және жастарға зор үміт артылғанын жеткізді. Жиын соңында аудан халқы Елбасының халық­қа Жол­дауына қатысты сұрақтар қойып, стра­тегия­лық құжатты бірауыздан қолдайтындарын білдірді. Ғалымжан ЕЛШІБАЕВ, «Егемен Қазақстан» Оңтүстік Қазақстан облысы