08 Ақпан, 2017

Өндіріс жағдайымен танысты

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәжіліс депутаттары Роман Ким, Айқын Қоңыров, Берік Оспанов Семей қаласы­ның ірі өндіріс орындарында болып, жұмысшылармен кездесу өткізді. Олар халыққа Елбасының Жолдауы­ның маңы­зын түсіндірді. Және конститу­ция­л­ық рефор­маға қажетті сауалдар мен ұсыныс­тарды жазып алды. Мәжіліс депутаттары ең алдымен «Семей» цемент зауытында болып, цемент өнімін өндірудегі ең жоғары технологиялармен танысты. «Елбасының әрбір Жолдауы біздің алдымызға ұзақ жылдарға арналған тапсырмалар жүктейді, – деді Берік Оспанов. – «Жаңа бағдарлама: Жаңғырту 3.0» алдағы жылдардың даму жолын айқындап берді. Сондықтан да цемент зауыты Қазақстанды жаңғыртуға молынан үлес қосады деп ойлаймыз». Ал енді «СемАЗ» ЖШС-дегі кездесу кезінде ха­лық қалаулылары жұмысшы мамандықтарға тұр­ғын­­дар­ды көбірек тарту мәселесіне ерекше назар аудар­­ды. Елбасының тапсырмасымен өткен жылдан бас­­тап, «Еңбек» жұмыспен қамту бағдарламасы қолға алын­ған. Оны толыққанды жүзеге асырған жөн. Депу­тат­тардың айтуынша, бұған «Нұрлы жер», «Нұр­лы жол» бағдарламалары да қосымша көмек болады. «Жақында ғана әлемдік қоғамдастық USB 3.0 арнасының тұсауын кесті. Бұл – хат-хабар алмасудағы 10 есе жылдамдық. Біз де «Жаңғырту 3.0» арқылы өндірістің қуатын ұлғайтуға күш салумыз керек, – деді депутат Айқын Қоңыров. – Экономика әлем бойынша өте жылдам дамуда. Біздің де көш соңында қалып қоймауымыз керек». Раушан НҰҒМАНБЕКОВА, журналист СЕМЕЙ