08 Ақпан, 2017

Тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.Смолиннің басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өткізілді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты. Отырысқа Заңгерлер ода­ғы­ның, сондай-ақ, Жо­ғарғы сот жа­нындағы Сот төрелігі ака­­де­­мия­­сының өкілдері қа­тысты. Отырыста сот жүйесінің ұйым­дастыру-кадр мәсе­ле­лері, оның ішінде Жоғарғы сот Төрағасының кейбір судья­лар­ды қызметінен босату және судья­­ның қызметте болу мерзі­мін ұзарту жөніндегі ұсы­ным­дары қаралды. Соны­мен бірге, судья­лардың ауысуы мен судьялардың сапалық құра­мы туралы мәселелер, судья лауазымына біліктілік ем­­ти­­­ханының сұрақтары бекі­тілді. Бұдан басқа, отырыста аудандық және оған теңес­тірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген сот­тар­дың судьяларының бос орындарына орналасуға жа­рия­­ланған конкурстың қо­ры­­тын­дылары шығарылды. Отырыстың қорытындысы бойынша Кеңес тиісті ше­шім­дер мен ұсынымдар қабыл­дады.