10 Ақпан, 2017

Жұмыс сапарындағы жұртшылықпен жүздесулер

130 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Парламент Сенатының депутаттары еліміздің аймақтарына жұмыс сапарларын одан әрі жалғастыруда, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Сенатор С.Бектұрғанов Қос­танай облыстық және қалалық про­куратурасының, табиғатты қорғау, әскери және көлік сала­сы прокуратураларының жеке құрам­дарымен кездесті. Кез­десу бары­сын­да Президент Жол­дауы­ның не­гіз­гі ережелері мен конс­титу­ция­­лық реформалар жан-жақты түсіндірілді. Депутат өз сөзінде Мемлекет бас­­шысының бес басымдығын іске асы­ру тетіктері туралы жан-жақ­ты айта келіп, конституциялық ре­фор­­ма­лар­дың жекелеген ереже­ле­рі бо­йын­ша пікір алмасты, сон­дай-ақ, бірқатар сауалдарға жауап берді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сот төрелігі мен прокуратура қызметін реттейтін заң ережелерін жетілдірудің маңыз­ды екенін атап өтті. «Прокура­тура – заңдылықтың сақ­талуын қадағалаудың биігі», – деді өзі­нің сөзінде С.Бектұрғанов. * * * Парламент Сенатының депутаты Дулат Құсдәулетов Өскемен қаласында бірқатар кездесулер өткізді. Сенатор Шығыс Қазақстан облысы активінің алдында Мемлекет басшысының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндірді. Д.Құсдәулетов Елбасы баста­ма­ларын іске асыру барысын­да аймақты дамытудың көрсеткіш­теріне басымдық беру қажет екенін атап өтті. Жолдауда экономиканы, оның ішінде ауыл шаруашылығын өркендетуге бағытталған шаралар көзделіп отыр. Оны әр азаматқа жеткізу қажет. Еліміздің экономикасында шағын және орта бизнестің үле­сін 50 пайызға дейін жеткізу жөніндегі Елбасының алға қойған міндеті туралы айта келіп, депутат жергі­лікті басқару органдары кәсіпкер­лерге көмек көрсетуі, оның ішінде субсидиялар мен несиелер бөлуде жәрдемдесуі тиіс екенін айтты. Шығыс Қазақстан облыстық әділет департаментінің қызметкер­лерімен кездесу барысында Конс­­титуцияға және бірқатар заңна­ма­лық актілерге енгізілетін түзету­лер ег­жей-тегжейлі талқылан­ды. Сена­тор әділет органдары­ның қыз­мет­кер­­лерін осы маңыз­ды өзгеріс­терге орай халық ара­сын­да тал­қы­лау­лар ұйым­дас­тыру­ға, орта­лық билік ор­ган­­да­рына арнал­ған пікірлер мен ұсы­ныс­тарды жи­нақ­тау мен әзір­леуге көмектесуге шақырды. Д.Құсдәулетов облыстың сот атқарушы палатасында да болды. * * * Парламент Сенатының депутаты Манап Көбенов жұмыс бабындағы сапармен Павлодар облысындағы Шарбақты ауданында болып, мәслихат депутаттарымен, құқық қорғау органдарының өкілдерімен, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың басшыларымен және ардагерлермен кездесті. Кездесудің басты тақырыбы Президент Н.Назарбаевтың «Қазақ­­станның Үшінші жа­ң­ғыруы: жаһандық бәсекеге қабі­лет­тілік» Жолдауынан туындай­тын басты міндеттер болды. Сенатор Президент өкілеттіктерін қайта бөлу, Парламенттің міндет­терін кеңейту және Үкіметтің заң шыға­ру органына есеп беруі секіл­ді қоғамда кеңінен талқы­ланып жатқан мәселелерге орай өз ойын ортаға салды. Сондай-ақ, ол экономиканы жедел жаңғырту жөніндегі Елбасы алға қойған міндеттерге егжей-тегжейлі тоқталды. Оның аясында сандық технологияны қолдану, экономиканың базалық салаларын дамыту және еңбек нарығын жаңартуды көздейтін үш кешенді міндет жүзеге асатын болады. Депутат кездесу барысында ауыл шаруашылығы коопе­ра­тивтерінің жұмысы мен техни­ка­лық саланың жас мамандарын әлеуметтік қолдау шаралары туралы сауалдарға жауап берді. * * * Парламент Сенатының депутаты Рашит Әкімов Ақмола облысында жұмыс сапарымен болып, Целиноград ауданындағы №96 темір жол разъезі мектебінің, Төңкеріс ауылындағы «Қадам НС» кәсіпорнының ұжымдарымен кездесу өткізді. Жүздесулерде Президент Н.Назарбаевтың конституциялық ре­фор­ма жөніндегі Үндеуі мен биыл­ғы Жолдауынан туындайтын мін­деттер жайында жан-жақ­ты әңгі­ме болды. Талқылау барысын­да Ел­ба­сының жаңа сая­си шешім­дері, Конс­титуцияға енгізілетін өзге­ріс­тер мен толық­тыру­лар, елі­міз­дің үшін­ші жаң­ғыруы­на орай алда­ғы мін­­дет­тер, сон­дай-ақ, Негізгі Заң­дағы 26-бап­қа байланысты әңгіме өрбіді. Билік тармақтары арасында­ғы өкілеттіктерді қайта бөлу, Үкімет пен Парламентке берілетін қосымша құзыреттер, жергілікті өзін өзі басқарудағы жаңа қадам­дар жан-жақты талқыға түсті. Сондай-ақ, Елбасы Жолдауын­да­ғы шаруашылықтарды ірілен­діру, кооперативтер ұйымдасты­ру, субсидия, жайылымдар, суармалы жерлер, зейнетақы мен жәрдемақы мәселелері де жан-жақты сөз етілді. Сенатор Р.Әкімов конститу­ция­лық реформалар мен Прези­денттің жаңа Жолдауындағы ба­сым­дықтар туралы айта келіп, «Қазақ­станның Үшінші жаңғыруы халқымызды жаһандық дағдарыс қиындықтарынан алып шығатын бірден-бір жол» екенін атап өтті. * * * Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Рашит Ахметов «Болашақ-Т» өндірістік-құрылыс компаниясының ұжымымен кездесті. Сенатор шараға қатысушы­лар­мен конституциялық реформа­лар­дың мазмұны жайлы ой бөлі­сіп, Президент Н.Назарбаевтың «Қазақ­­стан­ның Үшінші жаң­ғы­руы: жа­һан­дық бәсекеге қабі­лет­ті­лік» Жол­дауының негізгі ере­же­леріне тоқталды. Р.Ахметов компания келешегі зор кәсіпорындар қатарында еке­нін айта келіп, экономиканы инно­вациялық тұрғыда дамыту және жұ­мы­спен қамту мәселелерін шешу мақсаттарына жауап бере­тінін атап өтті. Мемлекет басшысы Жолдауда атап өткендей, қоғамды жаңғырту және халық өмі­рін жақсарту жөніндегі міндет­терді табысты іске асыру үшін барлық жағдай жасалатын болады. Кәсіпорын қызметкерлері Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы мен ұсынылған саяси реформаларды іске асыруға өз үлестерін қосатынын жеткізді. * * * Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаев аймаққа жасаған жұмыс сапары барысында Алматы облысының Талғар және Панфилов аудандарында болды. Облыс активімен және тұрғын­дарымен кездесулер барысын­да билік тармақтарындағы өкілет­тікті қайта бөлу туралы Мемлекет басшысының Үндеуі егжей-тегжей­лі талқыланды. Депутат басқару жүйесін жаңғыртудағы Парламент палаталарының рөліне де тоқталды. Тұрғындар Президенттің «Қ­азақ­станның Үшінші жаң­ғыруы: жаһан­дық бәсекеге қабі­лет­тілік» Жолдауын жүзеге асыру­дың нақты тетіктері туралы пікір алысты. Атап айтқанда, ауыл тұр­ғын­дарымен кездесулер ба­ры­сында агроөнеркәсіп кәсіп­орын­дарын субсидиялау мәселесі көтерілді. Шаруа қожа­лық­тарының басшылары қажет­ті суб­сидияларды рәсімдеу бары­сын­дағы бюрократиялық кедергілерді жойып, несие ресурстарына қол жет­кізуге мүмкіндік туғызу қажет деп санайды. «Президент ауыл шаруа­шылы­ғын экономиканың жетекші саласына айналдыру міндетін қойды, – деп еске салды Н.Қылышбаев. – Жол­дауда Үкіметке және әкім­дер­ге субсидия бөлу, өнім өңдеу­ді жақсарту, тауарларды тиімді сақтау, тасымалдау және сату қағи­дат­тарын қайта қарау мәселе­лері де бар».