Фото Reuters
Жаңа Зеландияда жүздеген кит өздерін жағаға лақтырды. Құтқарушы еріктілер келіп жеткенше олардың басым бөлігі өліп қалған. Бұл туралы елдің табиғатты қорғау департаментіне сілтеме жасап ВВС хабарлайды. Департамент мәліметі бойынша, жағаға шыққан киттердің 70 пайызы қырылды. Мекеме қызметкерлері, волонтерлар және жергілікті тұрғындар тірілерді құтқаруға тырысып жатыр, алайда бұдан жақсы нәтиже шығады деген үміт аз екені айтылады. Өйткені, тірі қалғандар өлім алдында жатыр. Жағадағы қайраңда жатқан өлі киттер де құтқару жұмыстарына кедергі жасауда. Департамент өкілі тірі киттердің біразы суға қайта жіберілгенін айтады. Құтқарушылар олардың қайтадан шықпауы үшін жағада тізбек құрып тұр. Киттұқымдастардың өздерін жағаға лақтыруы жиі кездесетін құбылыс. Оның себебі неде деген сұраққа байланысты пікірталас көптен жүріп келе жатыр, ол туралы біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген грек философы Аристотель де айтқан. Бірақ бұл құбылыстың нақты жауабын әлі ешкім білмейді.Фото АР