10 Ақпан, 2017

Эйфель мұнарасы шыны материалмен қоршалмақ

563 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Париждегі Эйфель мұнарасы қауіпсіздік мақсатында шынымен қоршалмақ, деп жазады Parisien басылымы.
Эйфель мұнарасы 1889 жылы инженер Густав Эйфельдің жобасы бойынша Париж көрмесінде Франция үкіметінің тапсырысымен салынған еді. Бастапқыда мұнара 20 жылдан кейін сүріліп тасталатын болып шешілсе, кейін жергілікті халық ғимаратты қимай қалады. Қазір ғимаратқа жылына 7 млн адам келеді. Соның 75 пайызы шетелдіктер. 2016 жылы Еуропа чемпионатында ғимаратқа металл қоршау салынып, бақылау пунктері ашылды. Енді мұнараны шынымен қоршау туралы бастама көтерілуде. Қоршаудың биіктігі 2,5 метр болса, құны 20 млн еуро.