Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жанынан «Жастар театры» құрылды, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі. Жаңа театрдың алғашқы шымылдығы Ə.Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» драмасы қойылымымен бастау алды.
Театрдың көркемдік жетекшісі, сахна қозғалысы маманы Алмас Шымалиев болса, режиссеры - актер шеберлігінің маманы Айна Емкулова, режиссердің көмекшісі жане театрдың әкімшісі, сахна тілі маманы Аққу Қоныспаева болып бекітілді. Мұнан бөлек, өнер ұжымында М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «мәдени-тынығу жұмысы», «театр ұжымына жетекшілік» мамандықтары бойынша білім алып жүрген 30 студент еріктілер жұмыс істеп, тәжірибе жинақтайтын болады. Алдағы уақытта театр жетекшілігі 14-29 жас аралығындағы театр өнеріне қызығушылығы бар жастарды өз қатарына қабылдамақ. Жастар ұжымының репертуарында оншақты койылым бар.
Еске салайық, жақында ғана күрделі жөндеуден өткен «Жастар орталығы» жанынан еріктілер мектебі, режиссерлер командасы, жайдарманшылар тобы, жас ақындар клубы, журналистер мен блогерлер клубы, Street workout қозғалысы, хореография тобы, «Sulu models» сән агенттігі ашылған болатын.

25 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Оңтүстікте күн 32 градусқа дейін жылынады
Ауа райы • Бүгін, 22:59
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Бүгін, 22:36
Теміртауда балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 21:56
Ақтөбеде белгісіз біреу кішкентай қызды алып кетпек болған
Оқиға • Бүгін, 21:19
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Бүгін, 20:53
Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды
Күрес • Бүгін, 20:28
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04