ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырушы кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен БҰҰ Бас Комиссары, Еуропа мен ТМД елдері бойынша Өңірлік Бюросының директоры Джихан Сұлтаноглудың кездесуі өтті, оның барысында БҰҰ-ның Көрмеге қатысуы туралы келісімшартқа қол қойылды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Кездесу барысында тараптар ЭКСПО-2017-ге дайындық мәселелерін талқылады. А. Есімов бүгінгі таңда 115 ел мен 18 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындығын растағандығы туралы мәлімдеді. 18 ел павильондарын тақырыптық безендіруге кірісті. Жаңартылған энергия көздері саласында БҰҰ экспозициялары ең үздік жобалар мен жетістіктерін көрсететініне сенімділік білдірді.
Өз кезегінде, Сұлтаноглу ханым Қазақстанның Тұрақты даму мақсаттарын ілгерілетуін, сондай-ақ, мемлекеттің тұрақты және рационалды энергия саласында ықпал ететін шаралар қоладануы мен келісім жүргізе алуын көшбасшылықтың белгісі ретінде бағалады.«Біз Президент Н. Назарбаевтың жасыл технологиялар орталығын ашу жайлы бастамасын қолдаймыз. Сонымен қатар, осы жобаға өз көмегімізді көрсетуге дайынбыз. Тұрақты энергия тақырыбында бұл көрме Қазақстан үшін таптырмас мүмкіндік болатынына сенімдімін. БҰҰ өз үлесін қосуға дайын», - деді Д. Сұлтаноглу.
Д. Сұлтаноглу ЭКСПО-2017-дегі БҰҰ-ның Бас Комиссары ретінде бүкіл БҰҰ жүйесінің көрме жұмысына қатысуын үйлестіреді.
• 10 Ақпан, 2017
БҰҰ ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу туралы келісімшартқа қол қойды

25 сәуірге арналған ауа райы болжамы: Оңтүстікте күн 32 градусқа дейін жылынады
Ауа райы • Бүгін, 22:59
Түркістан облысында жол апатынан үш оқушы мерт болды
Оқиға • Бүгін, 22:36
Теміртауда балабақша тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 21:56
Ақтөбеде белгісіз біреу кішкентай қызды алып кетпек болған
Оқиға • Бүгін, 21:19
Алматыда KITF 2026 көрмесіне 6 мыңнан астам адам қатысты
Туризм • Бүгін, 20:53
Нұржан Батырбеков Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды
Күрес • Бүгін, 20:28
Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04