10 Ақпан, 2017

Трамп "Бір Қытай" саясатын қолдайды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АҚШ президенті Дональд Трамп ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге "Бір Қытай" саясатына құрметпен қарайтынын айтты, деп жазады Ақ үйдің баспасөз қызметі. Бұл туралы BBC хабарлайды. "Президент Трамп Си Цзиньпиннің "Бір Қытай" саясатына құрметпен қарау туралы хатына оң жауап берді", - делінген мемлекет басшылары арасындағы телефон әңгімесі туралы баспасөз хабарламасында. Сайлау науқаны кезінде Дональд Трамптың Тайвань басшысы Цай Инвеньмен тікелей сөйлескені Қытайдың наразылығына ұшыраған болатын. Және АҚШ-тың Тайваньды тәуелсіз мемлекет деп танымау саясаты қайта қаралуы мүмкін екенін  айтқан-ды. Пекин Ақ үйден"Бір Қытай" саясатына құрметпен қарауды талап еткен еді. Баспасөз хабарламасына қарағанда, екі лидер арасында өте жылы әңгіме болған. АҚШ пен Қытай басшылары бір бірін сапармен келуге шақырған.