16 Наурыз, 2017

Оқушылардың ойын ұштаған кездесу

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұстаздар қауымы Ақмола облысының Қорғалжын ауданындағы «Достық» орта мектебі ұжымымен және тұрғындармен кездесу өткізіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауындағы міндеттердің маңызын ашып көрсетуге ұмтылды. Бұл кездесуде жергілікті басшылық тарапынан аудан әкімінің орынбасары Ж.Түстікбаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы С.Нүркенова, білім бөлімінің басшысы С.Рысбаев, сондай-ақ «Жас Отан» ЖҚ мүшелері, мұғалімдер мен жоғары сынып оқушылары қатысты. Ғылыми топты Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан Қамзабекұлы бастап келді. Ал топ құрамында аталған университеттің саясаттану кафедрасының профессоры, саясаттану ғылымдарының док­торы Нәубат Қалиев, қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, фило­логия ғылымдарының докторы Серік Негимов, физика-техника фа­культетінің деканы, физика-математика ғылымдарының докторы Әбдіраш Ақылбеков және қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Жантас Жақыпов болды. Олар Елбасы Жолдауындағы мін­деттерге кеңінен тоқталып, оны нақты мысалдармен жан-жақты түсіндіріп, жиналғандардың көптеген сұрағына нақты жауаптар берді. Жиын барысында ғалымдар университет аты­нан мектепке «Lego» роботтық-тех­никалық кешенін сыйға тартты. Өз кезектерінде тұрғындар алғысын жет­кізген аудандық білім бөлімінің бас­шысы С.Рысбаев меймандарға сый-сыяпат жасады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы