16 Наурыз, 2017

Міндеттерін адал атқарады

301 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Патрульдік-күзет – еліміздегі Ұлттық ұлан бөлімшесіне қарайтын қызмет түрі. Олар қаламыздағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Мәселен, №6655 әскери бөліміндегі жедел мақсаттағы батальонының жауынгерлері полиция қызметкерлерімен бірге ақтөбеліктердің тыныш өмірі үшін қызмет атқарады. Олардың әр күні түрлі оқиғаларға толы. Осы күнге дейін әскери жасақ көшелер мен қоғамдық орын­дарда аса ауыр қылмыс­тарға жол бермеді. Бұған тәртіп сақшылары мен әскери жасақ құрамының нәтижелі қызметі дәлел. Жеке құрам тартылатын аймақтағы қылмыстық ахуал жауынгерлерді қажыта алмайды. Өйткені, олар өз елінің нағыз патриоты ретінде әскери борыштарына қашан да адал қарайды. Жедел мақсаттағы батальон жауынгерлерінің патрульдік күзет қызметі күнделікті сағат 16.30-да арнайы киім мен қа­жетті жабдықтарды алудан бас­талады. Сағат 17.00-де нұс­қау алған жасақ әскери қызмет­теріне кіріседі. Әскери құрам алдын ала белгі­ленген маршруттарға бөлі­неді. Біз де солардың бірі – лейтенант Ерасыл Ықтыбаевтың взводымен бірге кезекшілікке шықтық. Қызметтік «ГАЗель» көлігіне мінген әскерилер ша­һар көшелерін «барлауға» ал­ды. Көліктегі рация қаланың өз­ге аудандарында орын ал­ған құқық бұзушылықтар ту­ра­лы үздіксіз баяндауда. Жұмыс барысында көшеде спирт­ті ішім­дік ішіп отырған ер-азамат­тарға жо­лықтық. Өздеріне жақын­даған патруль­дік күзетті көрген бойда олар қараларын батырып үлгерді. Бірақ қатардағы сарбаздар Арман Жол­дасбеков пен Алек­сандр Шкода әлгі ащы суға еліткен тәртіп бұзушыларды қуып же­тіп, қолға түсірді. Олар­ға тәр­тіп сақшылары әкім­шілік құ­қық бұзу­шылық туралы хаттама толтырды. Бұдан кейін әскери жасақ­пен бірге қаладағы автобекетке бағыт алдық. Осы мезетте «Шығыс» базары маңында екі жігіттің жанжалдасып қалғаны туралы хабар түсті. Әскери жасақпен сол жаққа аттандық. Масайып алған екеудің жанжалы, расымен де, шектен шығып кетіпті. Олар полиция бекетіне жеткізілді. Ал кешкісін қаладағы түнгі клубтардың бірінен шыққан шу да әскери жасақтың көмегі­мен реттелді. Бұл жерде де ішім­­дік­ке масайған жа­стар дө­ре­кі­лік танытып, айнала­сын­да­ғы адам­дарды балағаттаған. Қо­ғам­­­­дық тәртіпті бұзған жігіт­­­т­ер Ақ­төбе қалалық ішкі істер бас­­­қар­­масына жеткізіліп, олар­ға әкім­­­­ші­лік хаттама толтырылды. Уақыт түнгі 22.30-ға тая­­ғанда қоғамдық тәртіпті бұз­­ған тағы бір мас жігіт назар­­ға ілікті. Нұсқау бойын­ша әрекет еткен сарба­здар бұл оқиға туралы кезек­ші­ге хабар­лады. Әске­ри қызмет­кер­­лерден қаш­пақ болған бұзық­ты жөнге сал­ған жасақ оны сол аудан­дағы учаскелік бекетке жеткізді. Жұрт­тың тыныштығын бұз­ған жастың қалтасын тексеру кезінде пы­шақ табылды. Де­мек, әске­ри жасақ оның қан­дай да бір қателікке ұрын­бауы­на тосқауыл болды деген сөз. – Қалалықтар мәдениетті жү­ріп-тұруға әдеттеніп келеді. Екі жыл бұрын адамдар көшеге қо­қыс, басқа да қалдықтарды жиі тас­т­ай­тын. Ал қазір мұн­дай тәр­тіп­сіз­дік тыйылды. Оның үс­ті­не, қазір азаматтар қоғам­дық орын­да темекі шек­пейді. Көше қыл­мысы азая түскен. Осын­дай жетістіктерге полиция қыз­метімен бірге біз де өз үле­сі­мізді қосудамыз, – дей­­ді 6655 әскери бөлімі­нің жедел мақ­­сат­тағы 2-рота ко­ман­дирі­нің тә­р­бие және әлеу­меттік-құ­қық­­тық жұмыстар жөніндегі орын­­ба­сары, лейтенант Ерасыл Ықтыбаев. – Біздің жігіттер қызметтік міндеттерін орындауда әр­кез қырағылық танытады. Пат­рульдік күзет қызметіне тәр­тіпті, жауапты әскерилер қа­был­­данады. Сарбаздар бос уа­қыт­тарында әскери жарғыны қолға алып, Әкімшілік және Қылмыстық кодекстерді, күзет қызметкерлерінің міндеттерін оқиды. Бөлімшелердің коман­дир­лері әрдайым оларға қыз­мет кезінде қоғамдық орын­дарда өзін қалай ұстау керек­тігін үйретеді. Айта кетер­лігі, біз қалалық және облыс­тық ішкі істер органдары басшылығымен тығыз байланыстамыз, – деді 6655 әскери бөлімінің командирі, подполковник Еркін Жаңабергенов. Ерболат СҰЛТАНОВ, подполковник АҚТӨБЕ