16 Наурыз, 2017

Тарихшы тағылымы

481 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
Халық ақыл-ой, білімнің молдығын, кең өрістілігін бойына дарытқан, сол ақыл-ой жеткен өреге сүйене отырып, келешекті болжап ой қорытатын, түйін жасайтын, ғылымның келер көкжиегінің жетер жерін пайымдайтын ой-тұжырымы бар парасатты адамдарды кемеңгер деп атайды екен. адам ақыл-ойы мен іс-әрекетінің жоғары дәрежесіне көтерілген осындай тұлғалардың бірі – ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Парасат орденінің иегері – Кеңес Нұрпейісов. Кеңес Нұрпейісұлы азамат, ға­лым, ұстаз, тұлға дең­гейі­не бірден жеткен жоқ. Ол 1935 жыл­дың 15 наурызында Алматы облысының, Райымбек ауданына қарасты «Сол­түстік Тянь-Шаньның інжу-мар­­жаны» аталған жұмақ мекен – Көл­сай көлінің етегіндегі, Күнгей Ала­­тауының қойнауына орналасқан Са­ты ауылында дүниеге кел­ді. Ана­сы­нан бір жасында айы­рылып, көп ұзамай әкесін «ха­лық жауы» деп ұстап, қа­мау­­ға алып, соттап ж­ібе­ре­ді. Ана­сы­нан ерте айырылу мен әке­сінен тірі­дей көз жазып қалу қай балаға да ауыр тиері сөзсіз. «Әкем оралар...» деген үкілі үмітпен Қа­рабұлақтағы балалар үйінде тәр­биеленеді. Бірақ әкесі ату жа­за­сы­на кесіліп кете барады. Халық ба­сына түскен қайғы қа­зақты шыр ай­нал­дырды. Ел ен­ді есін жия бастағанда соғыс бас­талды. Жұрт басына түскен қайғы бо­­ла­шақ ғалымды да айналып өт­пе­ді. Жетімдікпен ұласқан ба­л­а­лық шақ Ұлы Отан соғысы кезеңіне тап ке­ліп, сол кездегі қазақ балаларының тағ­­дырымен ұласып кетті. Соғыс бі­тіп, ел есін жинай бастаған тұста әке­­­сінің қарындасы мен жездесі бала Ке­­ңесті жетімдер үйінен алып, бау­ыр­ларына басты. Қиын­­дықтың құр­сауынан арыл­ған баланың азамат болып қа­лып­тасуы алдымен жердің кие­­лі­лігінен дарыса, одан кейін Тұр­лы­­хан әпкесі мен Нұрбек жез­десімен ті­­к­елей байланысты. Се­бебі, бұл жан­­дар болашақ ға­лымның нағыз ата-аналарына ай­налған еді. Шығыстың ғұламасы атанған әл-Фараби: «Ақыл-парасат күші – адам­­ның ойлауына, пайым­дауына, ғы­лым мен өнерді ұғынуына және жақ­сы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш», деген екен. Кеңес Нұрпейісұлы да өзінің ақыл-парасатымен оқу-білімге, ғы­лым­ға ерте кезден араласты. Уни­вер­­ситет қабырғасында білім алып жүр­­ген кездерден бастап, қай жа­ғы­нан болсын, белсенділік та­нытып, ұс­­таздарының назарын өзіне а­у­дара біл­­ді. Болашақ ға­лым­ның осы бір қа­­сиеті қа­зақ ғылымының не­гізін сал­­ған Қаныш Сәтбаевтың: «ға­лым­ға азық берер қайнар кө­зі кітап бе­ті­мен, лаборатория аумағымен ғана шек­телмейді, өмірді тану­мен, еңбек адамының жа­сам­паз ісін танумен кең өрісін та­­бады», – деген қанатты тұ­­жы­рымдамасымен дәлелдене түс­­ті. Дипломды үздік бағаға қор­ғап, өзі білім алған уни­вер­си­тет­те оқы­ту­шылық қыз­метке қа­был­да­нып, ке­й­ін Қазақ КСР Ғы­лым ака­де­мия­сы­­ның Тарих, ар­хеология және этно­гра­фия инс­титутына кіші ғылыми қыз­­мет­кер болып қабылданған ке­зең­дер «ғылым майданының қа­тар­­дағы жауынгері» үшін ал­ғаш­қы қадамдар болды. 500-ге тар­та ғы­лы­ми еңбектің, 20-дан аса монография мен көптеген оқу­лықтардың авторы атан­ды. Ұлт болашағы үшін күресу жо­лын­д­а құрбан болған, тарих-те­ңіз­­дің зынданына тасталған ғажап ме­руерт-маржандарды ерінбей-жа­лық­пай, аса мұ­қият­тылықпен зерт­теп, зерделеп теңіз бетіне алып шық­­­қан бір­ден-бір алаштанушы ға­­­лым атанды. Алаш көсемі атанған Әли­хан Бөкейхановтан бастап, қаз­ақ­­тың тілі мен әдебиетін ғылыми не­гізге салған ғұлама ғалым, ұлт қай­­раткері Ахмет Байтұрсынұлы, Алаш болашағы үшін күрескен Әлімхан Ер­ме­ков, Тұрар Рысқұлов, Мұха­меджан Тынышбаев, Халел Досмұхамедов, Ораз Жандосов, Міржақып Дулатов сынды саяси қуғын-сүргін құрбандарының ең­бек­терін мұрағат беттерінен тау­ып, жинастырып, жариялап, олар­дың ақ­талуына өз үлесін қосты. Ға­лым­ның «Алаш һәм Алашорда» ең­бегі – осын­дай тынымсыз із­де­ністің жемісі. Й.В.Гете: «Адамның шын мә­ні­­сі­ндегі нағыз артықшылығы ғы­лым­да», – деген екен. Ол тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мек­­­тебінен өту арқылы ға­на ака­де­мик, «Алтын адам» дәре­же­с­іне дей­ін көтерілді. Кеңес Нұрпейісұлы ғалым ғана емес, ол – өзінің мектебін қа­лып­тас­­­тырған, қазақ елінің тамаша ға­­лым­­дарын тәрбиелеген ұстаз. Әл-Фа­­рабидің айтуынша, ол – «жар­а­­- ты­лысынан өзіне ай­тыл­ғанның бә­рін жете түсін­ген, көрген, естіген жә­не аңғар­ған нәрселердің бәрін жа­дында жақ­сы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын, алғыр да аңға­рымпаз ақыл иесі, мейлінше ше­шен, өнер-бі­лімге құштар, аса қа­­на­ғатшыл, жа­ны асқақ және ар-на­­мысын ар­дақ­­тайтын, жақын­да­­рына да, жат адам­дарына да әділ, жұрттың бә­ріне жақ­сы­лық пен ізгілік көрсетіп, қор­қы­ныш пен жасқану дегенді біл­мей­­тін батыл, ержүрек» ұс­таз бол­ды. Ғы­лымды күшті мең­гер­ген және оны сүй­етін ұс­таз ға­на өз шәкірттерінің бә­ріне же­­місті ықпал жасайды де­ген­­де­й, ғалымның ғылыми же­тек­ші­лігімен тәрбиеленген шә­кірт­тері – ғылым кандидаттары мен док­тор­­лары қазіргі таңда еліміздің түр­лі салаларында қыз­мет етіп, та­рих ғы­­лымының да­муына өз үлес­те­рін қо­суда. «Бақыттың мәні – пара­сат­ты­­­лық­та, әркімнің өз алдына игі­лікті мақсат қоя білуінде, ол мақ­сат тек кездейсоқ рахат үшін емес, шынайы игілік үшін ба­ғыт­талуында, адамның өз мінез-құл­қын, іс-әрекетін ерікті түр­д­е өзгертіп, ізгілікке бағыттап оты­­руында», – деген екен әл-Фа­ра­би. Кеңес Нұрпейісұлы да өзі­нің жан-дүниесіне дарыған та­маша п­а­ра­саттылығы мен адам­­гершілік ізг­і қасиеттерінің ар­қасында биік тұл­ғаға айнал­ды. Оның барлық жа­са­ған еңбектерінің, қолына шырақ алып іздеген сұрақтарының дә­ле­лі, қо­рыт­қан пайымдары мен тұ­­­жы­рым­дары тек қана ел игілігі үшін жа­салды. Қазақ мемлекеттік қыздар пе­да­гогикалық универ­ситетіндегі Қа­зақстан тарихы кафедрасының қа­лыптасып, дамуына үлес қосушы еңбек­қорлығы, сонымен қатар, қо­ғам өміріндегі маңызды мәсе­лелерді көтеріп, баспасөз бет­те­рінде үзбей жарияланып тұр­ған сүбелі ойлары ғалым һәм қо­­ғам қайраткерінің тұл­ға­сын ай­қындай түсті. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.): ­ «Кімде-кім білім жолына түс­се, Алла тағала оған жұмаққа барар жол­ды жеңілдетеді. Пе­ріштелер де білім алушының та­лабына дән риза болып, ая­ғы­ның астына қанаттарын жай­ып, ізет көрсетеді. Сондай-ақ, жеті қа­бат аспан мен жердегі бар­лық жа­ратылыс атаулы, тіпті, су­дағы алып балықтар да шынайы ға­лым үшін Алладан жарылқау ті­лейді. Ғалымның білімсіз дін­дар­­дан ар­тықшылығы толған айдың өзге ұсақ жұлдыздардан артықшылығы секілді. Расын­да, шынайы ғалымдар – пайғам­барлардың мұрагерлері. Шын­туайтында, пайғамбарлар мұра ретінде динар мен дирхам емес, тек қана ілім қалдырды. Кімде-кім сол ілімнен сусындаса, мол не­сі­­беге ке­не­л­гені», − деген екен. Ра­сымен де, ар­тына мол ілім қал­дыр­ған ғұлама ға­лым Алла­ның жер­­ге жі­бер­ген ел­шілері – пай­ғам­бар­лар­дың мұ­ра­ге­рі іспетті. Ғалымның туғанына 75 жыл то­л­уына орай, артында қалған мұ­ра­сын, ол туралы айтылған ес­тел­ік­терді жинақтап «Алаш ақи­қа­ты», «Алаштұлғалы» деген ат­пен ака­демиктің шәкірті, тарих ғылым­да­­рының кандидаты, профессор Тал­дыбек Әліұлы жа­рыққа шығарған еді. Бүгінде ға­лымның туған күніне орай, Астана қаласындағы Ұлттық ака­­­­демиялық кітапханада кітап­ха­на басшысы, педагогика ғы­лы­м­ының докторы Үмітхан Мұ­ңал­­­­баеваның бастамасымен ға­лым­ның ғұмыр бойы жинаған кі­тап қорын жаңғыртып, академик Ке­ңес Нұрпейісұлы атындағы ғалым­дар залының ашылуына дай­ын­дық жүріп жатыр. Жаңа бастама жал­ғасын тауып, білім-ғылыммен су­сындаймын деген жас ұрпақ к­е­меңгерліктің шы­ңына көтерілген тұл­ғаның жина­ған кітап қорымен танысып, керегін алары сөзсіз. Бойына адам баласына бе­­ріл­­ген бар тамаша, ғажап қа­сиет­­терді жи­наған, ғылымды ха­лық пайдасына жұмсаған, ұс­таз деген ұлы қасиетті ат­қа ие бол­ған халқымыздың біртуар Алаш­­тұлғалы азаматы – Кеңес Нұр­­пейісұлы кемеңгерліктің ме­ру­ер­тін­дей ғылым мен білім көгінде мәңгі жар­қырап тұрары сөзсіз. Әлия Бияздықова, PhD доктор, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы