16 Наурыз, 2017

ОҚО-да жалған кәсіпкерлікпен айналысқандар ұсталды

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет департаментінің мамандары контрафактілі өнімдерді сатқан жалған кәсіпкерлерді анықтады.

Нарықта өтімді тауарлардың брендін пайдаланған күдіктілер оларды жасырын цехта дайындап сатқан. 

- Олар құқық иелерінің рұқсатынсыз өзге брендті пайдаланып, өз өнімдерін жасап отырған. Ол өнімдердің арасында iPhone, BITEX, Hermès сияқты танымал брендтер бар. Сот қаулысына сәйкес тәркіленген тауарлардың барлығы жойылады. Сот сараптамасы бойынша олар контрафактілі болғандықтан мемлекет пайдасына алынбайды, - деді облыстық Әділет департаментінің меншік құқығы бөлімінің бас маманы Ербол Садықов.

Бақтияр Тайжан, «Егемен Қазақстан»