16 Наурыз, 2017

Мұнай бағасы мен теңге қайта нығая бастады

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
KASE-нің күндізгі сессиясының қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 0,65-ке төмендеп, 1 АҚШ доллары 317,34 теңгеге теңесті. Ал Астана уақытымен күндізгі сағат 16:00-де Брент маркалы мұнай құны 1,10 пайызға қымбаттап, 52,37 долларға саудаланды. Естеріңізге сала кетейік, таңертең қара алтынның бір баррелі 52,12 долларға теңескен еді.