16 Наурыз, 2017

"Проблемалық несие қоры" Қазком активінің жартысын сатып алады

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
"Проблемалық несиелер қоры" АҚ-нан бөлінетін қаржы БТА банкінің портфелін Қазкомнан бөліп алуға жұмсалады, деп мәлімдеді бүгін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков. «Қазком қарызының шамамен 50 пайызы БТА-ға тиесілі. 2015 жылы Қазком банкі мен БТА арасында жасалған активтер мен міндеттемелерді бөлісу туралы келісімнің нәтижесінде Қазкомның мойнына БТА қарызы ілінді. Ондағы мақсат БТА банкінің активіне ұзақмерзімді инвестиция тарту еді. Енді Проблемалық несиелер қоры Қазкомның мойнындағы аталған қарызды бөліп алу үшін қаржы бөледі. Осы қаражатқа ПНҚ (Проблемалы несиелер қоры) Қазкомның БТА-ға ұзақ мерзімге берген активтері, атап айтар болсақ, жер телімдері, коммерциялық жылжымайтын мүліктер мен өзге де активтерді сатып алады", - деді Олег Смоляков. Оның айтуынша, алдағы уақытта БТА активтері заңгерлік және қаржылық қатерлерден тазартылмақ. "Біз бұл жұмыстарды жеке сектордағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында қолға алып отырмыз. Және де қазіргі таңда банк иелігінде бос тұрған жерлерді айналымға енгізу үшін инвестор іздестіретін боламыз. Бұл тұрғыда ПНҚ қаржысы Қазкомға тікелей беріледі деп түсінбеу керек", - деді Олег Смоляков.