16 Наурыз, 2017

Астанада Қазақстан-Өзбекстан бизнес форумы өтеді

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан–Өзбекстан бизнес форумы болады, деп жазады palata.kz. Бизнес форум аясында В2В форматында кездесу ұйымдастырылады, сондай-ақ Өзбекстанның өнеркәсіп және тұтыну тауарларының көрмесі өтеді. Шара аясында екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірқатар келісім мен келісімшарттарға қол қою жоспарланған. Өзбекстан делегациясы құрамында жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік, машина жасау, электротехника, химия, фармацевтика, құрылыс материалдары, тау-кен, мұнай-газ өнеркәсібі салаларындағы компаниялар болады.