16 Наурыз, 2017

Тасмағамбетов Путинге сенім грамотасын тапсырды

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов РФ Президенті Владимир Путинге сенім грамотаcын табыстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат». 18 шет мемлекеттен келген елшілердің қатысуымен өткен ресми салтанатты шара Үлкен Кремль сарайының Александр залында өтті. Дәстүр бойынша Путин 18 мемлекеттің елшісіне Ресейдің қарым-қатынасы туралы қысқаша айтып өтті. Қазақстан туралы РФ президенті ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы шарт негізінде түрлі салалардағы ынтымақтастықты нығайтудағы екіжақты ұмтылысты атады. «Қазақстан - біздің сенімді досымыз және стратегиялық одақтасымыз. Жақында Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен болған келіссөздер барысында ХХІ ғасырдағы тату көршілік пен одақтастық туралы Шарт негізінде түрлі салалардағы ынтымақтастықты нығайтудағы екіжақты ұмтылыс мақұлданды», - деп Путин ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ, ҰҚШҰ және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы аясында белсенді бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. «Посткеңестік кеңістіктің интеграциялық процестеріндегі Президент Назарбаевтың көшбасшылық рөлін жоғары бағалаймыз», - деді РФ президенті.