17 Наурыз, 2017

Қоршаған орта қорғауға зәру

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ағымдағы жылдың 20 наурызы мен 8 сәуірі аралығында Ақмола облысында әлеуметтік-экологиялық «Эко Болашақ» жобасы басталады. Осыған орай Энергетика министрлігінің қолдауымен «Agripp Business Group» компаниясы қазақстандық орта білім беретін мектептердің оқушылары арасында макулатура жинау­дан жалпыреспубликалық акция өткізеді. Бұл акция «Эко Болашақ» әлеуметтік-экологиялық жобасы шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Жоба еліміздің барлық мектептерін қамтыған 2 миллионға тарта оқушыға бағытталған. «Әрбір өткізілген бір кило макулатурадан түсетін бес теңге церебралды сал ауруымен ауыратын балаларға кө­мек көрсететін «Қасиетті Жол» қайы­рымдылық қорының есеп-шотына аударылады. Макулатурадан түскен табыс білім мекемелері үшін шаруа­шылық заттарын, тыңайтқыштар мен тұқым сатып алуға жұмса­лады», дейді «Эко Болашақ» жо­басын дамыту жөніндегі директор Стас Мельников. Оның пайымдауынша, ең басты мақсат – жастарды тәрбие­леуді ынталандыру, оларды жауапкершілікке үйрету. «Осы жобаның көме­гімен балалардың бойында та­биғатпен өзара байланыс бар екендігін, соның негізінде өске­лең ұрпақтың экологиялық көз­қарасы мен мәдениетін қалыптастыру көзделген. Бұл адамның қоршаған ортаға және денсаулығына деген жауап­кершілігін тудырады», дейді директор. Жалпы, «Эко Болашақ» жобасы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұрмақ. Оны ұйымдастырушылар акцияның жалпы, ұлттық сипат алып, ел азаматтарын қоршаған ортаны күтуге және балаларының экологиялық болашағын қам­тамасыз етуге үйретеді деген сенімде. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан» Ақмола облысы