ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Семей қаласының жұртшылығымен кездесу өткізді. Кездесу барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Бақытжан Сағынтаев кездесу қатысушыларына елімізде жүргізіліп жатқан Конституциялық реформалардың мәнін түсіндіріп, Үкіметтің ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты.
ҚР Премьер-министрі экономикалық өсімнің жаңа үлгісін қалыптастыру үшін Үкімет өз жұмысын 5 маңызды басымдыққа жұмылдыратынын айтты. Соның ішінде - жаппай кәсіпкерлікті дамыту, өндірістік жұмыспен қамтуды арттыру, технологиялық жаңарту және экономиканы цифрландыру, қаржылық тұрақтылықпен қамтамасыз ету және салалық бағдарламаларды іске асыру бар.
Кездесуге қатысушылар өңірдің өзекті мәселелерін талқылап, ШҚО-ның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі өз ұсыныстарын айтты.
Кеңес барысында тұрғын-үй құрылысы, ауыл шаруашылығын дамыту, денсаулық сақтау саласына мемлекеттік қолдау көрсету, кәсіби-техникалық білім беруді дамыту және білім берудің үштілділік жүйесін енгізу мәселелері қозғалды.
Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев облыс пен қала басшылығына өңірді одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Кесар тілігінің зардабы қандай?
Медицина • Кеше
Бала тілінің кеш шығуына не себеп?
Қоғам • Кеше
Батыс Қазақстан облысына құлаған дрон қай елге тиесілі?
Аймақтар • Кеше
Кене энцефалитінен қалай қорғану керек?
Қоғам • Кеше
Депутат қаңғыбас иттерден құтылудың жолын ұсынды
Қоғам • Кеше