Мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау аясында айқындалған жайттар туралы брифингте Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова айтып берді.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясы (ЖАК) өз жұмысын аяқтады. Әңгімелесу барысында ЖАК мүшелері «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің басқарушы буындарының білім деңгейін, дағдыларын және ептіліктерін тексерді. Орталық мемлекеттік органдар деңгейіндегі мемлекеттік қызметшілерде «қызметті тұтынушы» және «шешімдер қабылдау» құзыреттері айрықша дамығандығы назарға ілікті. Басқаша айтқанда, министрліктер қызметкерлері жағдайларды жан-жақты бағалап, азаматтардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына байланысты оңтайлы шешімдер қабылдай алатындықтарымен ерекшеленді, деді А.Шайымова.
Тестілеудің қорытындылары аттестаттау комиссияның алдына келіп түседі. Әңгімелесу барысында ЖАК мүшелері қосымша кәсіби қызметі құзыреті бойынша сұрақтарды қояды. Жоғары аттестаттау комиссиясы жұмысының қорытындылары бойынша агенттіктің «Б» корпусы басқару құрамын мұқият сараптаудан өткізді. Қорытындылар нәтижесінде аумақтық және орталық аппарат қызметкерлер арасында әлсіздері айқындалды, деп жалғады сөзін А.Шайымова.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова брифингте, сондай-ақ, қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттаудың 1-ші деңгейін аяқталғанын мәлімдеді. Мемлекеттік қызметшілерді кешенді аттестаттау Қазақстанда 3 кезеңмен, 3 деңгейде өткізіледі.
Жоғары аттестаттау комиссиясы (ЖАК) – Президент жанында құрылған аттестаттаудың 1-деңгейдегі комиссиясы. Оның құрамына Президент Әкімшілігінің Басшысы, Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы, Парламент палаталарының депутаттары, сондай-ақ басқа да лауазымды тұлғалар кірді.
Комиссияда академиялық орта мен қоғамдық бірлестік-
тердің өкілдері де болды. Олар Мемлекеттік басқару академиясының ректоры, Қазақстанның HR-менеджерлері ассоциациясының төрағасы, қоғамдық кеңестердің мүшелері. Сөйтіп, бұл жұмыста билік өкілдерінің ғана емес, сондай-ақ қоғамның пікірі де назарға алынды.
А.Шайымова айтып өткендей, ЖАК-та «Б» корпусының басқарушы деңгейіндегі 1139 мемлекеттік қызметші әңгімелесуден өтті. Олардың ішінде: Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр Кеңсесі, Сенат және Мәжіліс аппараттары, Жоғарғы сот қызметшілері; министрліктер комитеттерінің төраға орынбасарлары мен департаменттер директорлары; облыстық басқармалар мен аумақтық департаменттердің жетекшілері; облыс әкімдері аппараты жетекшілерінің орынбасарлары мен облыстық және Астана, Алматы қалаларының мәслихаттары аппараттарының жетекшілері бар.
А.Шайымова олармен әңгімелесуде аттестаттаушылардың білімі, іскерлігі мен дағдылары тексерілгенін айтты. Спикер атап өткендей, процестің объективтілігі үшін әңгімелесудің барысы аудио- және бейнежазбаларымен сүйемелденді. Нәтижесінде, 973 (85%) қызметшіге қатысты атқарып жүрген лауазымдарына сәйкес екендігі туралы шешім қабылданып, 130-ы (11%) жоғарылатуға, 36-сы (3%) төмендетуге ұсынылған.
Агенттік төрағасының орынбасары аталған мәліметтер аттестаттаудың басты нәтижесі емес екендігіне назар аударды. Аттестаттаудың басты міндеті «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби дайындығының деңгейін және лауазымдарына сәйкестігін анықтау болып табылады.
А.Шайымованың айтуынша, жоғарылатуға ұсынылған қызметшілер тек қана сәйкес құзыреттерінің болуымен шектелмей, бұған қоса, айқын танылатын әлеуеті бар жаңа көзқарасты басшылар екенін көрсеткен. Олар мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттыру үшін не қажет және оған қалай жету керек екенін нақты біледі.
Сонымен қатар, ол әңгімелесу барысында басшылардың кейбірі мемлекеттің негізгі бағдарламалық құжаттарының маңызы мен мазмұнын толық деңгейде білмейтіндігі анықталғанын көлденең тартты. Бұлар өз қызметінде жоғары тұрған мемлекеттік орган және лауазымды тұлғалардың тапсырмаларын орындаумен шектелетін және өздері жүзеге асыратын жұмыстың мемлекеттің жалпы стратегиялық мақсаттарымен ара қатынасын түсінбейтін қызметшілер екенін айтты. Сәйкесінше оларға қатысты лауазымына сай еместігі және төмендетуге ұсыну туралы шешім шығарылған.
Бұған қоса, А. Шайымова брифингте кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру мәселесіне назар аударды.
«Егемен-ақпарат»

Сәтбаевта қалың қар жауды: Жол тазалауға қанша техника жұмылдырылды?
Аймақтар • Бүгін, 16:54
«Air Astana» Алматыдан Бакуге рейстер санын арттырады
Қоғам • Бүгін, 16:45
Қазақстан мен Беларусь медицина қызметкерлерін бірлесіп оқытады
Медицина • Бүгін, 16:32
MNU профессорлары жаңа Конституция жобасын қолдады
Қоғам • Бүгін, 16:28
Алматыда бұрынғы жұбайының ізіне түскен сталкерге үкім шықты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:22
Парламентаризм институты жаңа Конституция жобасын қолдады
Қоғам • Бүгін, 16:10
ЕҰУ академиялық қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 16:04
Сарапшылар: Жаңа Конституция жобасы мемлекеттік жүйенің орнықтылығын арттырады
Ата заң • Бүгін, 15:55
Жамбыл облысында автобус пен көлік соқтығысып, жолаушы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:48
Kaspi Gold карталарынан ақша неге жоғалып жатыр?
Оқиға • Бүгін, 15:32
Қостанайдағы ішімдіктен бас тартқан ауылда 3 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген
Қоғам • Бүгін, 15:23
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 15:00
13 ақпанға дейін жол жабық: Қай өңірлерде қозғалысқа шектеу қойылды?
Ауа райы • Бүгін, 14:53
Түркістан облысында танысына оқ атқан күдікті ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:32
Замира Кузиева: Ата заң азаматтар үшін тұрақтылықты қамтамасыз етеді
Қоғам • Бүгін, 14:13