05 Желтоқсан, 2016

Астанада қайырымдылық акциясы өтті

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
otror Астанада Қазақстанда жұмыс істейтін елшіліктердің ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өтті. 51 мемлекеттің ұлт өкілдері өздерінің ұлттық тағамдары мен қолдан жасаған бұйымдарын сатты. Акциядан түскен қаржы көмекке мұқтаж жандарға, жетімдер үйіне аударылады. Акция барысында ұтыс ойындары да ойнатылды. Бағы жанған көрермендерге Италия мен Македонияға жолдама  берілсе, енді біріне тұрмыстық техникалар бұйырды. - Корей халқының мәдениеті мен ұлттық тағамдарын таныстырып, қамқорлық акциясына өз үлесімізді қосудамыз. Өздеріңізге белгілі, Елбасы Н.Назарбаев жақында еліміздің президентімен кездесіп, екіжақты келісімге қол қойылған болатын. Бұл екі ел арасында өзара ынтымақтастықтың, бірліктің арқасы,-  дейді Кореяның Қазақстандағы өкілетті елшісі Хан Ман Чун. Ал Жапония елшілігінің мүшесі Мэгули Кавабата: "Бұл қайырымдылық акциясы осымен оныншы рет өткізіліп отыр. Біздің мақсатымыз осы шарадан түскен қаржыны әлеуметтік жағынан көмекке зәру адамдарға, емделу орталықтарына аудару. Мұнда  Қазақстанның мәдениетімен, ұлттық өнерімен танысып, ерекше әсер алып жатырмыз", - деді. Айман МҰҚЫШЕВА, "Егемен Қазақстан".