05 Желтоқсан, 2016

БАҚ-ты қолдауға мемлекет субсидия береді

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстанда 3 мыңдай БАҚ тіркелген, соның 84%-ы газеттер мен журналдарға, 7 %-ы ақпараттық агенттіктерге, қалған үлес электрондық БАҚ-қа тиесілі. Соның ішінде "Қазақ ТВ" телеарнасы үш тілде жиырма төрт сағат бойы бүкіл әлемге хабар таратады. Бұл туралы бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Парламент Мәжілісінде болған "Үкімет сағатында" айтты. БАҚ-ты қолдау мақсатында мемлекеттен субсидия түрінде қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар газеттердің аналитикалық мазмұнын арттыру көзделуде. Ол үшін салалық журналистиканы дамыту қолға алынады. Сондай-ақ журналистерді түрлі аудиторияға бағдарлау (аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық) жүйесі де жүзеге асырылып, "екінші сұрыпты" жарияланымдарды шектеу тәжірибесі жүргізіледі. Хабар таратудың сапасын арттыру мақсатында цифрлық технологияға көшу 2019 аяқталады. Биылғы жылдың аяғынан ол Маңғыстау облысында қолға алынбақ. Жақсыбай САМРАТ, "Егемен Қазақстан".