05 Желтоқсан, 2016

Түркия шет елдермен өз валюталарымен сауда жасамақшы

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Анкара Ресеймен, Қытаймен және Иранмен тек өздерінің ұлттық валютасында сауда жасауға көшті, деп хабарлайды Haberler басылымы ел президенті Ердоғанға сілтеме жасап. Ердоғанның айтуынша, Түркия үкіметінің басшысы Биналы Йылдырым бұл мәселені 5 желтоқсан күні жасайтын Мәскеу сапарында ресейлік әріптестерімен талқыламақ. «Осылайша біз сыртқы сауданы ұлттық валютамен жасауға өтеміз. Ресейден алатын тауарды тек рубльмен төлеп, өз кезегінде Ресей біздің тауарлардың ақысын түрік лирасымен өтейді», - деді Ердоған. Президенттің сөзіне сүйенсек, Түркияның Орталық банкіне осындай бұйрық қазірден беріліп қойған. Ертеректе Ердоған өзге мемлекеттердің Түркияға валюта нарығы арқылы экономикалық қысым көрсеткісі келетінін мәлімдеген еді. «Өкінішке орай, біздің кәсіпкерлер соған алданып қалып жатады», - деген еді мемлекет басшысы. Сонымен қатар Ердоған елді тек ұлттық валютамен қаржы жинауға шақырды.