05 Желтоқсан, 2016

Дәурен Абаев газеттердің неліктен аз сатылатынын айтты

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
kzk_6271 Газет-журналдар сату деңгейінің төмендеу себебі қаражатқа байланысты болып отыр. Бұл туралы бүгін Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Парламент Мәжілісінде болған «Үкімет сағатында» депутат Шавхат Өтемісовтың сұрағына жауап беру барысында айтты. "Газет сататын киоскілер кірісі төмен болып, пайда көрмейтіндіктен жабылып жатыр. Сондықтан оқырмандар мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Сондай ақ БАҚ сатудың озық әдістерін меңгерген дұрыс. Бізде газет-журнал сататын киоскілер ешқашан темекі сатпайды. Ал дамыған шетелдерде, соның ішінде Францияда темекіні және қоғамдық көліктің жүру билеттерін тек газет киоскілерінде сатады. Мұндай киоскілерге келген адамдар көзіне түскен газетті де ала кетеді. Осындай тәжірибені біз де ескеруіміз керек", деді министр. Жақсыбай САМРАТ, "Егемен Қазақстан".
Соңғы жаңалықтар

Ағайынды алғырлар

Қоғам • Бүгін, 08:55

Абылай заманынан қалған көрік

Жәдігер • Бүгін, 08:50

Күй күмбірлеген кеш

Өнер • Бүгін, 08:45

Зиялылық заңғары

Тарих • Бүгін, 08:15

Еламанның есті жырлары

Руханият • Бүгін, 08:02