05 Желтоқсан, 2016

Қызылордада қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
1 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша департаменттері «Жүрегім толы мейірім» тақырыбында қамқорлық - қайрымдылық жәрмеңкесін өткізді. 23 Оған барлық аудандық, қалалық ХҚКО бөлімдерінің қызметкерлері дайындаған қолөнер және зергерлік бұйымдары, ұлттық тағамдар, тосаптар қойылды. Қамқорлық –қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен 500 мың қаражат науқасқа шалдыққан Пя Мирон мен Мұратбек Адияттың (туа бітті мүгедек) ем алуы үшін табысталды. 3 Сонымен қатар, Халыққа қызмет көрсету орталығының «Халық» бастауыш партия ұйымы ата – анасынан  айрылған 12 жасар Нұрбақыт Берікұлына қамқорлық жасайды. Осыған байланысты Н.Берікұлының атынан есепшот ашылып, оған 18 жасқа толғанға дейін қаражат аударылып отыр. 5 Нұрбахытқа осы уақытқа дейін «Мектепке жол» акциясы бойынша киім-кешек, оқу құралдары мен ақшалай қаражат және спорт күніне орай велосипед табысталған. Бүгінгі жәрмеңкеге Нұрбахыт та шақырылып, ұжым атынан сый-сияпат көрсетілді. 4 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған қамқорлық – қайырымдылық жәрмеңкесінде Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары арнайы флешмоб биін дайындады.