05 Желтоқсан, 2016

Астана мен Алматыда бірқатар әуе рейстері кешігуде

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05-12-16-somalet

Алматы мен Астана халықаралық әуежайларында бірқатар бағыттағы ұшақтардың ұшуы кешіктірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы халықаралық әуежайының онлайн-таблосында Атырауға қатынайтын Air Astana компаниясының КС877 рейсі және Үржарға қатынайтын ZXA529 рейсіне ұшу тоқтатылғаны хабарланған. Сонымен қатар, Қызылорда (КС976), Павлодар (КС308), Астанадан (КС852) ұшып келетін рейстерінің ұшу уақыты кешіктірілді, ал Үржардан және Атыраудан ұшып келетін ZXA530, КС878 рейстерінің ұшуы тоқтатылды. Астана әуежайында Атырауға қатынайтын «China Southern» әуекомпаниясының CZ6013 рейсі кешігуде және Bek Air компаниясының Қызылордаға ұшатын Z92041 рейсі ауа райына байланысты ұшпайтын болды.