05 Желтоқсан, 2016

Биыл Павлодар облысында 82 егіз дүниеге келген

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

05-12-16-deti-11

Павлодар облысында биыл 82 егіз және 2 үшем дүниеге келген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымовтың айтуынша, жыл басынан бері өңірде 10479 бала өмірге келген. «Оның ішінде 5146 сәби облыстық перинаталдық орталығында туған. Балалардың 2873-ы ұлдар болса, 2273-сы қыздар, – дейді Нұрлан Қасымов. Ведомство ұсынған мәліметке сүйенсек, аймақта биыл айы-күні толмай туған нәрестелердің саны біршама азайған. Мәселен, былтыр 511 бала мерзімінен бұрын дүниеге келсе, биыл олардың саны 488-ге азайған. Бұл факторға ананың қан қысымының артуы, қант диабеті, бүйрек аурулары, толық жойылмаған түрлі жұқпалар, зиянды әдеттер, өндіріс шарттары және де басқа жағдайдар себеп болады. Айта кетейік, биылғы жылы облыста перзент сүйген ең жасы үлкен әйел 44-те болса, былтыр 49 жастағы ана дүниеге сәби әкелген.