05 Желтоқсан, 2016

Отандық интернет БАҚ-тың мобильдік нұсқалары жасалады

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
unnamed 2017 жылы «Қазконтент» отандық интернет БАҚ-тың мобильдік нұсқаларын іске қосу жобасын жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. «Министрлік «Қазконтент» АҚ-мен бірлесе отырып, 2016-2020 жылдарға отандық БАҚ-тар мен олардың интернет-ресурстарын модернизациялау жоспарын жүзеге асыруда. «Қазконтенттің» әрбір интернет-жобасы жаңа форматта жұмыс істеуде. Қазан айында e-history.kz сайты бірегей тарихи контентімен және жаңа интерактивті мүмкіндіктерімен ауқымды «National Digital History» порталына өзгерді. Сайттың жаңа дизайны, логотипі даярланып, жаңалықтарды беру бағыты айтарлықтай жақсарды»,-деді Д. Абаев. «Әдебиет порталы» бағытында тиісті шаралар атқарылып жатқанына тоқталған министр, оның мобильдік қосымшасын іске қосу ескеріліп отырғандығын, оның көмегімен шығармаларды оқу мен кітаптарды тыңдау қолайлы болатынын атап өтті.  
Соңғы жаңалықтар

Ағайынды алғырлар

Қоғам • Бүгін, 08:55

Абылай заманынан қалған көрік

Жәдігер • Бүгін, 08:50

Күй күмбірлеген кеш

Өнер • Бүгін, 08:45

Зиялылық заңғары

Тарих • Бүгін, 08:15

Еламанның есті жырлары

Руханият • Бүгін, 08:02