05 Желтоқсан, 2016

Қостанайда шахматтан турнир өтті

543 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
1 Қостанайда  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына және облыстың 80 жылдығына арналған шахмат турнирі өтті. Оған 48 спортшы қатысты. 500 мың теңге жүлде қорын облыс әкімі мен Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы құрды. Турнирге облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың өзі де қатысты. Турнир швейцарлық жүйе бойынша өтті. Бірінші орынды Лисаков қаласынан келіп қатысқан Олег Головчук алды. Ол республиканың 4 рет чемпионы Петр Костенкомен ойнап,  Бухгольц коэффициенті  бойынша жеңімпаз деп танылды. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов  республика чемпионы Алиса Қозыбаевамен ойнады. Бірінші партияда әкім чемпионнан жеңілді, екінші партияны тең ойнады. 2 «Біз шахмат клубын жөндеуден өткіздік. Біздің шахматшылар жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Еліміз чемпионатында облыстың құрамасы  екінші орынды иеленді. Біздің міндетіміз шахмат спортына келгендерге жағдай жасау. Шахмат тез ойлауға, шешім қабылдауға үйретеді. Мен шахматты бала жасымнан ойнаймын. Біз шахмат аңызы Уфимцев туралы кітапты қайта бастырып шығардық. Алдағы уақытта атақты гроссмейстерлерді шақырып, Қостанайда халықаралық турнир өткізуді ойластырамыз. Балаларды осы спорт түріне қызықтыру керек», деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. Нәзира Жәрімбетова, "Егемен Қазақстан". Суретті түсірген Николай Соловьев