21 Қыркүйек, 2011

Жастар театры Астанаға келеді

505 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ  мемлекеттік академиялық  балалар  мен  жасөспірімдер  театры 10-14 қазан аралығында Астана  қаласына гастрольдік сапармен келмек. Сөйтіп алматылық әртістер 5 күн бойы  көрермендер  назарына  6 сахналық қойылым ұсынатын болады. Олардың бесеуі ересектерге  арналған. Атап айтқанда, Ғабит Мүсіреповтің  «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» (реж. Жанат Хаджиев)  трагедиясы, Ермек Аманшаевтың «Балкон» (реж. Сағызбай Қарабалин) романтикалық  иллюзиясы, Фридрих  Шиллердің  «Махаббат  пен ғадауат»  (аударған Талғат Теменов, реж. Роман Виктюк)  трагедиясы, Мар Байджиевтің «Тұншыққан  сезім»  (аударған Райымбек Сейтіметов, реж. Балтабай Сейітмамытұлы) қойылымы, Шыңғыс  Айтматовтың «Теңіз  жағалай  жүгірген  тарғыл төбет»  (инсцинировкасын жасаған және реж. Талғат  Теменов)  спектаклі. Сонымен қатар, 11-14 қазан аралығында күн  сайын сағат  12.00-де өтетін «Наурыз-думан» (реж. Мұрат Ахманов) балаларға  арналған музыкалық-танымдық ертегі қойылымдарын  тарту  етпек. «Егемен-ақпарат».