24 Қыркүйек, 2011

Парламент «Егемен Қазақстанның» арнаулы беті

253 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау қажет

Ал оның басты тетігі шағын несие беру болып табылады

Елбасы өзінің биылғы Жол­дау­ында Үкімет алдына нақты міндет қойған болатын. Ол – 2020 жылға дейінгі жұмыспен қамту бағ­дарламасы. 2020 жылға дейінгі бағдарлама мақсатының бірі: – ауылда кәсіпкерлікті өсіп-өркендету; – экономикалық жұмыспен қамту шаралары бойынша өз бетімен жұмыс істеушілерді, жұмыс­сыздарды, табысы аз отбасыларын осы бағдарламаға қатыстыру. Ауылдағы кәсіпкерлікті қол­дау­дың басты механизмі шағын несие беру болып табылады (микрокредитование). Қазіргі кезде Статистика агенттігінің есебіне сәйкес 2011 жылдың 1 тоқсанында республика бойынша берілген не­сиенің орта есеппен алғандағы сыйақысы 19 пайыздан 30 пайызға дейін өзгеруде. Мұндай жоғары несиелік пай­ыздар және күрделі несие алу үр­дісі кәсіпкерлерді несиелік тәуел­ділікке түсіреді, сонымен қатар, өндірілетін тауарлардың өзіндік құ­нын жоғарылатуға итермелеп, бә­секеге қабілеттілігін төмен­детеді. – Қазіргі жағдайда, ауылдық кә­сіпкерлер алдындағы күрделі мә­селенің бірі – ол банктерге қойы­­латын кепілдік. Саман үйлер мен жер телімі кепілдікке алын­байды. Сонымен бірге, өтімділік коэф­фи­циен­ті өте төмен. Сонымен қатар, міндетті түрде берілетін кірісті рас­тау және бизнес жобасын дай­ын­дау ауылдағы жұмыссыздар үшін үлкен шешілмейтін мәселе болып отыр. Осымен бір мезгілде, 2007-2008 жылдардағы дағдарысты ескеретін болсақ, банктердің кәсіп­керлерге беретін несие көлемі бір­қатар төмендеген. Төмен көлем­дегі қаржы бөліну себебі: – ауылдағы кепілдік қамсыз­дан­дырудың төмен өтімділігі; – микрокредиттік ұйымдардың және банктердің пайыздық став­ка­ла­рының жоғарылығы; – қарыз алудың күрделі про­це­дурасы (жастың шектелуі, кірісті растау, қарыз алудың қымбат сақ­тандыруы, бизнес жобасын да­й­ын­дау және т.б.); – инвестициялардың көбі ірі және күрделі жобаларға беріледі; – Оңтүстік Қазақстандағы бас­ты тауар өндірушілер ұсақ кәсіп­керлерді құрайтындықтан, несие алу қиынға соғады. Оңтүстік Қазақстан облысы тұр­ғындарының көпшілігі ауыл тұр­ғындары болғандықтан (62,5 пайыз – 1,5 млн. адам), бұл мәсе­ле­нің маңыздылығы мен ауқымы зор. Ұзақ уақыт тиісті деңгейдегі не­сиелендіру жұмыстары болма­ған­дықтан, аймақта әлеуметтік-эко­номикалық дағдарыс туындап отыр, олар: – жұмыссыздық; – ауыл тұрғындарының облыс орталығына жылыстауы; – жергілікті бюджетте қосым­ша қаржы көздерінің жоқтығы; – қылмысты ортаның терең­деуі; – ауыл тұрғындарының төмен әлеуметтік күнкөріс деңгейі; – ауру-сырқаулық деңгейінің жо­ғарылауы мен осы мәселе­ле­р­ден туындайтын қиындықтар; Осыған орай әлеуметтік-эко­номикалық жағдайды дамытудың түбегейлі шараларын қолдану ар­қасында қаржыландыруға мұқтаж халықтың жағдайын жақсарту қа­жеттігі пайда болды. Сол сәтте жер­гілікті атқару органдарының шешімімен аймақтық қаржы инс­титутын құру ұйғарылды. Бұл шешім ел Үкіметінің хаттама тапсы­ры­сына және мемлекеттің 2010-2014 жылдарға арналған индус­трия­­лық-инновациялық бағдарла­ма­­сы­на сәйкес келетінін айту қажет. Бағдарламаның маңызды мақ­сатының бірі – ауылдағы халық­тың әл-ауқатын, ауылшаруашылық тауар өндірушілерін жеңіл несиелендіру мен шағын несие беру, ауылшаруашылық техникасын, ар­найы техника мен құрал-сай­ман­дарды лизингке беруді дамыту ар­қылы көтеру болып табылады. Бұл тұрғыда аталған мәселеде Оң­түстік Қазақстан облысы әкімдігі «Максимум» аймақтық инвести­ция­лық орталық жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетістіктерін айтуға болады. Бүгінгі уа­қытта, «Максимум» аймақтық ин­вестициялық орталығы басқа қар­жы мекемелеріне қарағанда Оң­түс­тік Қазақстан облысындағы бірегей үлгілі қаржы институты бо­лып отыр: Бүгінгі күні «Мак­си­мум­ның» таза пайдасы 123 млн. 834 мың теңгені құрайды. Ең ма­ңыздысы, қаржы жылы аяқталған уақытта «Максимум» өзінің таза пайдасынан дивиденттер ретінде жергілікті бюд­жетке қомақты қар­жы бөледі екен. Ағымдағы жылы «Максимум» облыстық бюджетке шамамен 55 млн. 596 мың теңге құйған. Жоғарыда айтылғанның негізінде және «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы өңірлік қаржы институты дамуының оң тәжірибесін ескере отырып, оның оң тәжірибесін қорыту және елдің басқа облыстарында «Жол карта­сы» мен «Жұмыспен қамту-2020» сияқты республикалық мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру­дың құралы ретінде сәйкес үлгіні орнату туралы мәселені қарастыру қажет. Ұсыныстың нақтылы жү­зеге асырылуы жаңа кәсіпорындар мен жұмыс орындарының ашы­луына, салық салу қорының ұл­ғаюына, аймақтың іскер белсен­ділігінің жоғарылауына және тез арада экономика тынысының ке­ңеюіне үлес қосады. Берік БЕКЖАНОВ, Мәжіліс депутаты.