«Біз Мемлекеттік рәміздер күні қаламыздан Тәуелсіздіктің 25 жылдығы атындағы саябақ ашып отырмыз. Қостанай қаласын орала ағып жатқан Тобыл өзенінің жағасынан демалыс саябағын ашу үшін мемлекеттік бюджеттен 1 миллиард теңге қаржы бөлінген болатын. Оған роллерлік даңғыл, жаттығу залдары, балалар аттракционы, волейбол, шағын футболға арналған алаңдар және мың орындық амфитеатр салынды» деді Архимед Бегежанұлы.
Әкім осы жерде тағы да картинг орталығы орнайтындығын, Арлан-2050 базасы жаңартылатынын да көпшілікке жеткізді. Осы жобаларды жасауға 250 миллион теңге жеке инвестиция да тартылды. Мұнда енді спорт сарайы және футбол манежі де орналасатын болады.
Қаланың бір шеті саналатын бұл жерде мұндай ірі демалыс орны болмайтын. Енді тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Онда демалып, қыдыруға да, суға түсуге, спортпен айналысуға,жазда велосипед, қыста шаңғы тебуге, көңіл көтеріп, концерттер тыңдауға да мүмкіндік болады.
Нәзира Жәрімбетова
«Егемен Қазақстан»
ҚОСТАНАЙ
Cуреттер ng.kz сайтынан алынды