Қазақстан • 07 Маусым, 2017

Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтті

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы А.С. Смолинның басшылығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты.

Жоғары Сот Кеңесінің отырысы өтті

Отырыста сот жүйесінің кадр мәселелері, оның ішінде Жоғарғы Сот Төрағасының кейбір жергілікті соттардың төрағаларын, сот алқаларының төрағаларын және судьяларын қызметке тағайындау және қызметінен босату, зейнеткерлік жасқа толған судьяның қызметте болу мерзімін ұзарту жөніндегі ұсынымдары қаралды. Сонымен бірге аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларының, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларының бос орындарына орналасуға жарияланған 2 конкурстың қорытындылары жасалды.

Сондай-ақ, судья қызметіне алғашқы рет тағайындалған судьялардың бір жыл атқарған жұмысының нәтижелері қаралды.

Бұдан басқа, Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясының құрамына, Кеңес регламентіне және Кадр резервін қалыптастыру және онымен жұмысты ұйымдастыру ережелеріне өзгерістер енгізілді. Отырыстың қорытындылары бойынша Кеңес тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылдады.