30 Қыркүйек, 2011

Кредит: тараптар үшін шығынсыз және қақтығыссыз

580 рет
көрсетілді
25 мин
оқу үшін
Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді Біреулердің үндемеу саясаты және басқаларының қаржылық сауатсыздығы екі жаққа да пайда әкелмейді Банк заемы шартына қол қойған кездегі ұқыпсыздық, құжаттың мән-мағынасын түсінуге немқұрайлы қарау немесе жай ғана заемшының қандай құжатқа қол қойып  жатқанын түсінбеуі көптеген жағдайларда коммерциялық банктер мен олардың клиенттері арасындағы өзара қатынастардың шиеленісуіне себеп болады. Банкирлердің пікірінше, дәл осындай клиенттердің көпшілігі қайта құрылымдауды талап ететін проблемалық заемдар статистикасын жасауға мәжбүр етті. Заемшылар жауапкершіліктерін түсінгенде және олар кредитке қызмет көрсететін мүмкіндіктерін асыра бағаламағанда, көптеген проблемалардың алдын алуға болар еді дейді олар. Заемшылар, өз кезегінде, банктер алдаған жоқ, бірақ банк өнімі туралы және жасырын рифтер туралы барлық шындықты айтқан жоқ деген белгілі үндемей қалу әдісін пайдаланып, бізді әдейі адастырды деп иландырады. Нәтижесінде, ставкалар, мерзімдер, кепілзаттары, геометриялық прогрессиямен өсетін айыппұлдар мен өсімпұлдар туралы ащы шындық адам кредиттік «құлдыққа» кіргеннен кейін ашылады. Қарапайым ұсақ қаріп те кредиттік қатынастардың ушығуында едәуір рөл атқарды. Соған қарамастан, кредиттеу тақырыбы қайта көтерілді: банктердің экономикаға қомақты қаражатынсыз болмайды, азаматтардың көпшілігіне де кредит қажет. «Кредиттік» тырманың басын қайта баспас үшін не істеу керек және кредиттік ауыртпалықты қалай еңсеруге болады? Бұл жайында маманды – ҚР Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті төрағасының орынбасары Мұхтар БӨБЕЕВТІ әңгімеге тарттық.

КРЕДИТТІ ӨТЕГЕННЕН ГӨРІ, АЛҒАН ОҢАЙ

– Мұхтар Сапарәліұлы, Ұлттық Банк ағым­­­дағы жылдың басынан бастап кре­дит­теудің тұ­рақ­ты өсуін атап өтті. Бұл қуанар­лық жағдай: эко­номика жандануда, халық­тың тұтынушылық «арыны» ашыла бас­тады, бірақ көптеген ипоте­ка­лық драмалар әлі аяқ­тал­ған жоқ және жаңа заем­шы­лар­дың ал­дыңғылар­дың қатесін қайт­а­лама­сына кім кепіл? Сондықтан да қарапай­ы­мынан бастай­ық. Бірінші қадам: кредит алмас бұрын нені есте сақтау қажет? – Банк заемын алудың жауапты шешім екендігін есте сақтау қажет. Сондықтан да банктен кредит алмас бұрын, кредитті өтегеннен гөрі ал­ғанның жеңіл екендігін түсіну қажет. Өзін және отбасын қарызға батырмас бұрын, әле­ует­ті заем­шы заем алу туралы шешім қабылдамас бұрын: • оны алудағы қажеттілігін және уақты­лы қызмет көрсету мүмкіндігін бағалауы; • отбасы бюджетінің кіріс және шығыс бөлік­теріне қарай, қаржылық мүмкіндіктерін есептеуі; • кредит бойынша алдағы төлемдердің шығыс бөлігінің өсетіндігін ескере отырып, өз бюджетіне талдау жасауы; • кредитті алудың банк заемы шартында белгіленген мерзімде борыштың негізгі сома­сын қай­тару, сондай-ақ заемды пайдаланғаны үшін пайыздар тө­леу міндетін көздейтіндігін түсінуі қажет. Егер шартта көзделген төлемдер жүзеге асырылмаса немесе уақтылы және/немесе толық емес көлемде жүзеге асырылса, банк тұрақ­сыз­дық айыбы – айыппұл, өсім­пұл төлеу туралы талап қоюы мүмкін.

ҚҰЖАТТАРДЫ ОҚЫП ҮЙРЕНЕЙІК

– Екінші қадам. Құжаттарды оқу. Неге көңіл бөлу қажет? – Ең алдымен, банк заемы және оған қызмет көрсету талаптары туралы мұқият оқу қажет. Заем алу туралы шешім қабылдау үшін банк қыз­мет­кер­лерінен кредитті жүзеге асырудың талап­тары туралы жан-жақты ақпарат алу керек. Оның ішінде заем алумен және оған қыз­мет көрсе­ту­мен байланысты бар­лық төлем­дер туралы ақпа­рат алу қажет. Есте сақ­таңыздар! Шарт жа­сағанға дейін уақытылы, қа­жетті және шынайы ақпа­рат­ты алу құқығы заңна­ма­мен: ҚҚА басқармасының «Банк­тiк қызметтердi көр­сету және банктердiң банктiк қызметтердi көрсету үдерi­сiн­де туын­дай­тын клиенттердiң өтiнiштерiн қарау ере­жесiн бе­кiту туралы» 2011 жылғы 28 ақпандағы № 19 қау­­­лысымен бекітілген. Оған сәйкес қызмет көр­сет­кен кезде банк шарт жасасқанға дейiн клиентке: • ставкалар мен тарифтер туралы, қызмет­тердi көрсету туралы өтiнiш бойынша шешiм қабылдау мерзiмдерi туралы ақпаратты; • қызметтердi көрсетудi ұсыну шарттары ту­ралы ақпаратты және оны көрсету туралы шарт­ты жасасу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесiн; • шарт бойынша мiндеттемелердi орында­ма­ған жағдайда клиенттiң жауапкершiлiгi туралы және ықтимал тәуекелдерi туралы ақпаратты; • клиенттiң туындаған мәселелерi бойынша консультациялар; клиенттiң қалауы бойынша – ти­­­­­­iстi шарттың үлгi нысанының көшiрмесiн бередi; • клиенттiң қызмет көрсету туралы өтiнiшiн банктiң операциялар жүргiзудiң жалпы талапта­ры туралы ережесiнде белгiленген мерзiмдерде қарайды; • шартқа қол қойғанға дейiн клиентке оның шарттарымен танысу үшiн қажеттi уақытты бередi; • клиенттi алынатын банктiк қызметтердi көр­сету бойынша даулы жағдайлар туындаған кезде оның банкке, банктiк омбудсменге (ипо­те­калық за­емдар бойынша), уәкiлеттi органға немесе сот­қа жүгiнуге құқылы екенi туралы хабардар етедi. Осы мақ­сат­тарда клиентке осы сатылардың орналасқан жерi, пошталық және электрондық мекен-жайлары және интернет-ресурстары тура­лы ақпарат берiледi; • сұрату бойынша клиенттi банктiң қаржылық есептiлiгi мен өзге де ақпаратының орналастыру көздерi туралы хабардар етедi; • клиент берген ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етедi. Кредиттеу талаптарын мұқият зерделеу қа­жет. Ондағы банк жүзеге асыратын қызмет­тердің тарифтеріне жасалған сілтемелерге міндетті түр­де назар аудару қажет. Сондай-ақ, банк қызмет­керле­рінен тарифтер туралы ақпарат алып, зерделеу қажет. Бірнеше банктердің осындай заемдарды беру талаптарымен де танысқан жөн. Банктердің орналасқан жері туралы ақпарат­ты комитеттің мынадай сайтынан алуға бо­лады: www.afn.kz /Қаржы нарығы субъектілері үшін ақ­парат /Банк секторы/ Екінші деңгейдегі банктер. Шартқа қол қоймас бұрын жобаны үйге ал­ып кетіп, клиенттің міндеттерін белгілейтін та­лап­тар­ды мұқият зерделеген дұрыс. Кредиттік шартта заем­шы­ға таныс емес немесе түсініксіз талап­т­ардың жоқ екендігіне көз жеткізу қажет.

АҚША ҚАНША ТҰРАДЫ

– Адамдар көбіне ставкалардан шаты­са­ды. Оларды қалай салыстырған дұрыс, оңтайлы нұс­қаны қалай таңдауға болады? – Консультация алған кезде банктерден шынайы тиімді салыстырмалы сыйақы ставка­сы­ның – заем­ның нақты құнының мөлшерін сұ­ра­­ғ­ан дұрыс. Басқа осын­­­дай жағдайларда шы­найы тиімді салыстырмалы сый­ақы ставкасы бар кредиттің құны да ең төмен болады. Банктер клиенттерден заем берумен байла­ныс­ты түрлі қосалқы қызметтер үшін қосымша ақыны жиі алады. Мысалы, кредиттік өтінімді қарағаны, кон­суль­тация берген, несие және бас­қа шоттарды аш­қаны және жүргізгені үшін, кредит бергені үшін банк­тік алым, кредит қа­ра­жа­тын қолма-қол ақшаға айнал­дырғаны үшін, банк­тің кепіл құнын бағалағаны үшін алым, бұл көбіне сыйақының нақты став­ка­ла­ры­ның мөл­шерлерін бұрмалап, клиенттерді шатыстырады. Сондықтан да 2006 жылғы 1 сәуірден бастап банктерге заем берген кезде, оның ішінде кли­енттің банктің түрлі төлемдерімен байланысты барлық шы­ғыстарынан тұратын және түрлі банк­тердің сыйақы ставкаларын объективті ба­ға­лауға және салыстыруға мүмкіндік беретін шартта жылдық шынайы тиімді салыстырмалы сыйақы ставкасын ашып көрсету міндеттелді. Алайда бұл ставка заемшының өзге ұй­ымдарға: қажетті құжаттарды ресімдегені үшін но­та­ри­ус­қа, сақтандыру компаниясына және басқа­ларға төлемдер төлеуімен байланысты шығыстарын ескермейді. ҚҚК-ның жоғарыда аталған сай­тын­­­да тиісті бөлімде тиімді жылдық сыйақы ставкасының, әлеуетті заемшы бюджетінің есебі орналастырылған, солардың көмегімен қа­жет­ті көрсеткіштерді әркім өзінше есептеуге болады.

ТАҢДАУ ҮШІН ТҮСІНУ ҚАЖЕТ

– Заемшы заемды өтеу кестесін өзі есептеп, таңдай ала ма? Бірақ, шындығында, таңдау үшін айырмашылығын түсіну керек. Ал мұны халық терең түсіне бермейді. Сіз қандай кеңес берер едіңіз? – Барлық жағдайларда да берілетін бір ғана ұсыным бар: өз мүмкіндігіңізді дұрыс бағалай біліңіз. Заемды өтеу кестесі – шарттың ажы­рамас бөлігі. Оның жобасымен құжаттарға қол қойғанға дейін танысу қажет. Шарт, оның ішінде ипотекалық тұрғын үй заемы шартын және жеке тұлғамен шарт жасағанға дейін банк міндетті түрде заемшыға (сондай-ақ тең заемшыға да) за­емды өтеу әдісімен танысып, таңдау үшін заем­ды өтеу кестелерінің жобаларын ұсына­тындығы банк заңнамасында белгіленген. Олар бір кезең­ділікпен, сараланған төлемдер әді­сі­мен және аннуитеттік төлемдер әдісімен есептелуі тиіс. Бұл ретте банк ішкі ережелеріне сәйкес сол кезең­ді­лік әдістерімен есептелген, заемды өтеу кесте­ле­рінің қосымша жобаларын ұсынуы мүмкін. Сараланған төлемдер әдісі: банк заемы бой­ынша берешек негізгі борыш бойынша тө­лем­дердің тең сомасынан тұратын біртіндеп азая­тын төлемдермен және негізгі борыш қалдығы кезеңіне есептелген сыйақымен өтеледі. Аннуитеттік төлемдер әдісі: берешек негізгі бо­рыш бойынша біртіндеп ұлғаятын төлемдер­­­ден және негізгі борыш қалдығының кезеңіне есептелген сый­ақы бойынша біртіндеп азаятын тө­лем­дерден тұра­тын банк заемының барлық мерзімінде тең төлем­дер­мен өтеледі. Алғашқы және соңғы төлемдер мөл­шер­лері басқала­ры­нан өзгешеленуі мүмкін. Таңдау­ды клиент өзі жасайды. Егер кредиттеудің қандай да бір талаптары заем­шыға түсініксіз болса, банк қызмет­керле­­­рінен түсін­бе­ген сұрақтарды түсіндіруін және қажетті құжат­тар­ды сұрау қажет. Егер клиент жеткілікті түрде түсінбесе, кредит алу туралы шешім қабылдауды кейінге қалдыруы қажет. Банк өтініш бойынша шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күніне дейінгі мерзімде клиентке банк заемын беру туралы немесе бас тарту себептерін көрсете отырып, банк зае­­­мын беруден бас тарту туралы хабарлауы тиіс.

БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАДЫ!

– Шарт даналарының жобалары таны­­сып, қол қою үшін берілді. Неге көңіл бөлу қажет? – Банк заемы шарты міндетті талаптарының маз­мұ­нына банк заңнамасымен қойылатын та­лаптарға көңіл бөлу жөн. Соған сәйкес шартты оқу қажет. Мә­селен, № 18 қаулыға сәйкес банк заемы шартында мы­надай міндетті талаптар болуы тиіс: шарттың жал­пы талаптары; заем­шының құқықтары; банктің құқықта­ры; банктің міндеттері; банк үшін шектеулер; тарап­тар­дың міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілігі; шарт талаптарына өзгерістер енгізу тәр­тібі. Сон­дай-ақ ипотекалық заем бойынша жеке тұл­ға болып табылатын кепіл берушінің міндеттемелерді орын­да­мауы туралы тапсырыс хатпен хабар­ламаны қолына тап­сырған немесе жіберген сәттен бастап 25 күн­тізбелік күн ішінде ипотекалық шарт тіркелген органда тіркелген, соттан тыс тәртіппен ипотеканы сатудан жазбаша бас тартуды ұсыну құқығы туралы талап. Шарттың жалпы талаптарында: оның жа­салған күні; заемның және (немесе) заемшы берген өтініш­тің бизнес-жоспарына немесе техникалық-эконо­ми­калық негіздемесіне сәйкес келетін банк заемының мақсаты болуы тиіс. Бір айдан аспайтын мерзімге берілген заемды, төлем карточкасы бойынша кредит желісінің шеңберінде берілген шартты, овердрафт кредитін, сондай-ақ соның шеңберінде заем беру ту­ралы шарт жасау қажет, заем алу үшін кредит желісін ашу туралы келісімді қоспағанда. Құжатта со­ны­мен қатар: жалпы сома және заем валютасы; заем мерзімі; сыйақы ставкасының түрі (белгіленген немесе өзгермелі); жылдық пайызбен алғандағы оның мөлшері; шынайы жылдық тиімді салыстырмалы түрде есептелген ставка мөлшері көрсетілуі тиіс. Шартта сондай-ақ: егер бұл шартта көз­­­дел­ген жағ­дайда, сыйақының өзгермелі ставкасын есептеу тәр­ті­бі; Ислам банкі коммерциялық кре­дит берген жағдайда үстеме бағаның түрі (белгіленген немесе тауарды са­тып алу бағасынан па­й­ыз­дық көрсет­кіш­те); өтеу тәсілі (қолма-қол, қолма-қол жасалмайтын тәр­тіппен); заем­ды өтеу әдісі: аннуитеттік (тең тө­лем­дермен өтейтін) немесе сараланған (негізгі бо­рышты тең үлестермен өтеу) не банктің ішкі ережелеріне сәйкес басқа әдіс болуы керек. Бұдан басқа шартта заем бой­ынша берешекті өтеу кезектілігі; есеп­теу тәртібі және уақтылы өтемегені үшін тұрақ­сыз­дық айыбы мөлшері және сыйақыны төлеу болуы тиіс. Жеке тұлғаға заем берген тұрақсыздық айы­бы­ның (айып­­пұлдың, өсімпұлдың) шекті мөл­шері, сон­дай-ақ оларды есептеудің «Банктер туралы» Заңда көзделген тәртібі көрсетіледі. Құжатта: заем берумен байланысты алынуы тиіс ко­мис­сия­лардың толық тізбесі мен олардың мөл­шерлері; за­емды және сыйақыны өтеудің тәрті­­бі (касса арқылы, қашықта тұрған терминал ар­қы­­лы банк шотына және тараптардың келісімі бой­­­ынша басқалары), кезең­ді­лігі; қамтамасыз етусіз берілген заемды қоспағанда, қамтамасыз ету; заемшы шарт бойынша міндеттемелерін ор­­­ын­да­маған не тиісінше орындамаған жағдайда банк қол­данатын шаралар; шарттың қолданылу мерзімі; за­емшы заңды тұлға банкке ұсынатын есептіліктің түрлері және мерзімдері көрсетіледі. Сонымен қатар, құжатта заемшының (тең заем­шының) өзі туралы кредиттік бюроға мә­ліметтер беруге және кредиттік бюроның банкке ол туралы кредиттік есепті беруге келі­сі­мінің бар екендігі туралы нұсқау болады. Сон­дай-ақ, тараптардың өз міндеттемелерін ор­ындауымен байланысты ақпарат; банктің пош­талық және электрондық мекен-жайы туралы ақпарат, оның ресми интернет-ресурсы туралы деректер болады. Осыған байланысты алған шарт жобасы маз­­мұны­ның мәтіндері ҚҚК-нің сайтында ор­на­лас­ты­рылған №№18 және 19 қаулылардың талаптарына сәйкестігін тексерген жөн. Банк заңнамасына сәйкес сыйақы және комиссиялар ставкасын, сондай-ақ банк қызмет­те­рі көрсе­тіл­гені үшін тарифтерді банктер дербес белгілейтінін есте сақтаған жөн.

КРЕДИТ АЛДЫҢ ЕКЕН, ТӨЛЕ

– Егер банк заем беру туралы оң шешім қабылдаса, осымен қағазбастылық аяқта­лып, кассаға бара беруге бола ма? – Банк заемы шартына қол қою – ең жау­­­апты кезең. Егер шартқа кредиттік мәмі­ленің екі жағы да қол қойса, онда ол екі тараптың өзара келісімі бойынша жасалған болып сана­лады. Заемшының өзі туралы және жасалатын мәміле туралы мәліметтерді, сондай-ақ тарап­тар­дың өз міндеттемелерін орындау­мен байланысты ақпаратты кредиттік бюроның деректер базасына беруіне жазбаша келісімінің болуы «Банктер туралы» Заңға сәйкес оны жасаудың міндетті талабы болып табылады. Шарт банк пен заемшы арасында мемлекеттік және орыс тілдерінде жазбаша нысанда жасала­ды, оған қажетті жағдайларда басқа тілдерге аударылған аудармасы қоса беріледі, ал шетелдіктермен шарт жасалған жағдайда мемлекеттік және тараптар үшін қолайлы тілде жасалады. Қарпі «Тimеs New Rоmаn», мөлшері кемінде 12 болуы тиіс, жол арасы бір жол, азат-жолдарымен болуы тиіс. Шартқа тараптардың қо­лы қойылған заемды өтеу кестесі қоса беріледі, онда жоғарыда аталған барлық ұстанымдар көрсетіледі. Сыйақы ставкасы өзгермелі шарт бойынша за­ем­ды өтеу кестесі оны беру күніне жасалады және кейін­нен кезекті төлемдер мөлшері шартта көзделген тәртіппен түзетіледі және заем­­шыға (тең заемшыға) жіберіледі. Егер заемшы (тең заемшы) жеке тұлға болған жағдайда заем беру күні жасалған заемды өтеу кестесінде заемшының (тең заемшының) таңда­ған әдісі туралы белгі қойылған, банк ұсынған заем­дарды өтеу әдістерінің тізбесі де болады. Заемды өтеу кестесінің өзгеруіне әкеп соға­тын заем талаптары өзгерген кезде жаңа талаптар ескерілген заемды өтеудің жаңа кестесі жасалады. Есте сақтаңыздар! Шартқа қол қоя отырып, Сіз оның барлық талаптарымен келісесіз және оларды орындау жөнінде, оның ішінде негізгі борыш сома­сын белгіленген мерзімде қайтару және барлық тиісті төлемдерді төлеу жөнінде өзіңізге міндеттеме қа­былдайсыз. Оларды ор­­­ын­дамағаныңыз (немесе тиісінше орындамаға­ныңыз) үшін банк сотқа шағым­дануға құқылы. Шарттың барлық талаптары Сізге түсінікті болған жағдайда, Өзіңіздің қандай төлемдерді, қай кезде төлейтініңізді түсінген және оны істей алаты­ныңызға көзіңіз жеткенде ғана шартқа (банктің өзге құжаттарына) қол қойыңыз. Шарттық қатынастардағы заңгерлік сауат­ты­лық, заемшылар тарапынан мұқияттылық қа­на ақшалай қиындықтарға ұрынбауға мүмкіндік беріп қана қоймай, банктің өз міндеттемелерін сенімді орын­дауының кепілі болады.

ТЕК МІНДЕТТЕР ЕМЕС, ҚҰҚЫҚТАРДЫ ДА БІЛУ КЕРЕК

– Міндеттер түсінікті. Заемшының қан­дай құқықтары туралы айтар едіңіз? – № 18 қаулыға сәйкес банк заемы шартына қыз­мет көрсету кезеңінде заемшының мынадай құқық­та­ры бар: заемшы – кәсіпкерлік қызметпен байла­ныс­­ты емес, тауарларды, жұмыстарды және қыз­мет көрсе­ту­лерді сатып алуға заем алған жеке тұлға шарт жа­салған күннен бастап он төрт күнтіз­белік күн ішінде банк есептеген (ол берілген күн­нен бастап) сыйа­қы­ны төлей отырып, тұрақ­сыздық айыбын немесе ай­ып­пұл санк­ция­ла­ры­ның өзге түрлерін төлемей заемды қайтаруға; егер негізгі борышты немесе сыйақыны өтеу күні демалыс күнге не мереке күніне сәй­кес келген жағдайда тұрақсыздық айыбын және айыппұл санк­цияларының өзге түрлерін төле­мей, одан кейінгі келетін жұмыс күні төлеуге; өтініш бойынша 3 жұмыс күнінен аспай­тын мерзімде, өтеусіз, айына бір реттен жиі емес, шарт бойынша борышты өтеу есебіне кезекті келіп түсетін ақшаны бөлу (негізгі бо­рыш­қа, сый­ақыға, комис­сия­ға, тұрақсыздық айы­бы­на, айып­пұлдарға және басқа да төленуі тиіс сомаларға) туралы ақпаратты жазбаша нысанда алуға; • шарт бойынша берілген ақшаны банкке іші­нара немесе толық мерзімінен бұрын қай­та­ру туралы өті­ніш бойынша – 3 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жазбаша нысанда негізгі борышқа, сыйақыға, комис­сияға, тұрақсыздық айыбына, айыппұлдарға және мерзімі өткен төлемдерді көрсете отырып, басқа да төленуі тиіс сомаларға бөлінген қайтарылуы тиіс соманың мөлшері туралы жазбаша нысанда өтеусіз мәліметтер алуға; • заем алған күннен бастап бір жыл өткен соң заемды тұрақсыздық айыбын немесе айып­пұл санкцияларының өзге түрлерін төлемей толық немесе ішінара мерзімінен бұрын өтеуге; • алынатын қызметтер бойынша даулы жағ­дайлар туындаған кезде банкке жазбаша өтініш жасауға және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңында белгіленген мерзімде жауап алуға құқылы. Заемшы – жеке тұлғамен шарт жасалған күні белгіленген тарифтердің, комиссиялық сый­ақы­­­лардың және заемға қызмет көрсету жөніндегі басқа да шы­ғыс­тардың мөлшерлері мен оларды есептеу тәртібін банк ұлғайту жағына қарай бір­жақты өзгертуге құ­қы­лы еместігін білу де ма­ңыз­ды. Банктің жасалған шарт шеңберінде ко­мис­сиялардың қандай да бір жа­ңа түрлерін бір­жақты тәртіппен енгізуге, сон­дай-ақ заем беру туралы талаптарда қамта­ма­сыз ету болып табы­ла­тын мүліктің нарықтық құнын айқындау мақ­са­ты­н­да тиісті шарттар жасау туралы талаптар көз­дел­ген жағдайда, заем­шының, кепілзат беру­шінің сақ­тандыру ұйы­мын таңдауына құқығы жоқ. Банк заемшының өз өмірі мен денсаулығын сақтандыруға міндеттемеуі тиіс. Банк, заңнамада белгіленген жағ­дайларды қоспа­ған­да, жасалған шарт шеңбе­рінде жаңа заемдар беруді біржақты тәртіппен уақытша тоқтатпауы тиіс.

ЕГЕР ЗАЕМДЫ ЕҢСЕРУ ҚИЫН БОЛСА

– Егер заемды уақтылы өтеу проб­ле­ма­лары туындаса ше? – Мұндай жағдайда болашақтағы ықтимал іс-қимылдар туралы банкпен тез арада кеңесу қа­жет. Заем шарты бойынша берешекті өндіріп алу мақса­тын­да банк клиентке төлемдер енгізу қа­жет­тігі және кли­енттің міндеттемелерін ор­ын­да­мау салдары ту­ра­лы хабардар етеді. Ба­нк заемы шарты бойынша берешекті өндіріп алу туралы хабарламада шарт бойы­н­ша берешектің мөлшері туралы клиент үшін қыс­қаша ақпарат болады. Заемшыларға айтарым, банк заемының шар­тына қызмет көрсетумен байланысты хабарла­маларды және еске салуларды клиентке, сон­дай-ақ кепіл берушіге, кепілшіге, кепілгерге және заемды қамтамасыз ету туралы шарттың тарабы болып табылатын өзге тұлғаға жергілікті уақыт бойынша сағат 21-ден сағат 9 ара­лығында тапсыруға болмайды. Хабарламадан туындайтын талаптарға қана­ғат­­тан­баған жағдайда банк клиентке «Банктер туралы» Заңның 36-бабында көзделген шара­ларды қолда­на­ды. Заемшы өзінің міндеттемелерін ұзақ уақыт бойы орындамаған жағдайда банк берешекті өндіріп алу мақсатында коллек­торлық компаниялардың қызме­ті­не жүгіне алады. Бұл егер шартта банктің мұндай құқығы көзделген жағдайда ғана жүзеге асырылады. Кепілзаты туралы шартта, сондай-ақ заңна­ма­лық актілерде көз­дел­ген жағдайларда банк кепілдегі мүлік­ті сауда-саттық жасау арқылы мәжбүрлі, соттан тыс тәртіппен өз бетінше сатуға құқылы. Со­нымен қатар, еліміздің заңна­ма­сына сәйкес кепіл берушінің мү­лік­ті соттан тыс сатудан бас тартуы көзделген. Ипо­те­каны соттан тыс тәртіппен сатудан бас тарту үшін ол банкке ипотекалық шарт тіркелген органда тіркеуден өткен жазбаша бас тарту жіберуі тиіс. Құжат банкке міндеттемелерін ор­ын­дамау ту­ралы хабарлама тап­сырыс хатпен қолма-қол тапсырыл­ған немесе жіберілген сәттен бастап жиырма бес күн­тізбелік күн ішінде ұсынылады. Бұл құқықты Қазақ­стан Рес­пуб­ликасының заң­на­масына сә­й­кес пайдалан­ған кезде жылжы­майтын мүлікті банк­­тің талапта­рынан төмен сатқан кезде банк алдындағы мін­деттемелердің ор­ындалғанын, жылжымайтын мүлік сотпен сатылған кезде берешектің қал­дығын банк за­ем­шының басқа мүлкінен (банк шоттарынан, жылжымайтын мүл­кі­нен және т.б.) өндіріп алуға құқылы екенін ескерген жөн. Заемшы ипотеканы соттан тыс сатудан және міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартқан жағдайда банк кепіл ұстаушы ретінде ипотеканы сот тәртібімен сатуға құқылы. Жалпы алғанда, банк заемдары шарттары бой­ын­ша даулы жағдайлар туындаған кезде заемшы банкке, банк омбудсменіне, ҚҚК-ға немесе сотқа орна­ласқан жері бойынша банктің үстінен шағымдануға құқылы. – Мазмұнды әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Алла ДЕМЕНТЬЕВА.