01 Қазан, 2011

Енді сайлаушылар алдында не дейміз?

326 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Қызылорда облысындағы бар­лық экологиялық бақылау ұйым­дары­мен кездесу барысында, об­лысымыздағы ірі мұнай ком­па­нияларының өндірістік қалдық­тарын залалсыздандыру кезінде, бірқатар мәселелердің назардан тыс қалғандығы атап көрсетілді. Мұнайлы өңірлерде, өндіріс­тік технологияның сақталмауы, шикізат ұрлау мақсатымен құ­быр­ларға заңсыз қосылу кезіндегі мұ­най ағуы, автокөлікпен мұнай та­сы­малдау барысындағы апаттар мың­даған тонна мұнай­мен лас­тан­ған топырақтардың пайда бо­луы­на әке­ліп соғуда, сонымен бірге, шө­лейт­тену мен жұтаңдану сатысын­да тұрған жерлердің құнарлылы­ғы одан әрі төмендеп бара жатыр, дейді мәселе көтерушілер. Қоршаған ортаны қорғау ми­нистрінің 2007 жылғы 31 ма­мыр­дағы «Қалдықтар сынып­та­масын бекіту туралы» №169-Ө бұйры­ғы­мен мұнай өндіру және мұнайды қайта өңдеу өнер­кә­сі­бі­нің қал­дық­тары янтарь тізіміне жатқы­зыл­ған. Өңірде жыл сайын мың­да­ған тоннадан астам қауіпті өн­ді­ріс­тік қал­дықтар, оның ішінде бұр­ғы­лау қал­дық­тары, мұнай ш­ламдары, құра­­мын­да мұнайы бар топырақ­тар пай­да болады екен. Қазіргі таңда, қызметі нәти­жесінде өндіріс және тұтыну қал­дықтары құралатын мұнай ком­па­нияларының меншік иелері бо­лып табылатындары және қал­дық­тар құралған кезден бастап олардың қауіпсіз жұмыс істеу үшін жауап­ты болатындары назардан тыс қалған. Компаниялар келісім-шарт негізінде, қал­дық­тарды норма­лар­ға сәйкес кел­мейтін ондаған ша­қы­рым жер­дегі полигондарға тасы­мал­дап орна­ластыру, залалсыз­дан­дыру жөнін­дегі өз жауапкершіліктерін мердігер кәсіпорындарына негізсіз жүк­тей­тіндігі де белгілі болып отыр. Мұнай қалдықтары тасымал­дау барысында төгіліп-шашылып, за­лал­сыз­дандыру кезінде өрте­ле­тін­діктен, атмосфералық ауа мен жер қорлары ластануының көз­дері­не ай­налып, қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиян келтіруде екен. Соған қарамастан, қазіргі уа­қыт­та республиканың мұнай өн­діру аймақтарында, оның ішінде Қызылорда облысында қал­дық­тард­ы залалсыздандырудың бір ғана тәсілі қолданылады, ол – тек құрамында мұнайы бар қалдық­тарды өртеу немесе термокрекинг әдісі. Осының салдарынан ауаға канцерогенді ластаушы заттар тас­талып, сонымен қатар, өр­тенген өлі топырақ жер қорларын қо­сым­ша ластап жатса керек. Өркениетті елдер бұл әдістен бас тартып отырғаны белгілі бол­ған­мен, қоршаған ортаны қорғау ор­гандары тарапынан бұл мәселе есеп­­ке алынбай, ескі технологиямен қалдық өңдеуге рұқсат беріліп отыр­ғаны анық және бұл түсініксіз жәйт. Сондай-ақ еліміздегі мыңда­ған тонна «Янтарь» тізіміндегі қауіпті өндірістік қалдықтардың есепке алынбайтындығы, оны орналастыруға қалдық иелері тиісті құзыретті органдардан рұқсат алмайтындықтан, жергілікті бюд­жет­тің кіріс көзіне миллион­даған теңге экологиялық төлемдер түс­пей­тіні де ашық айтылып отыр. Осыған орай, ел Үкіметінің 2007 жылдың 28 желтоқ­санын­да­ғы №1311 қаулысымен бекітілген «Өнер­­кәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрін лицензиялау» ере­жесінің 6-тармағындағы мұ­най-хи­мия, химия өндірістерін пайдалану жөніндегі қызметке қойы­ла­тын экологиялық тұрғы­дан біліктілік талаптары қазіргі заман тала­бы­на сай еместігі байқалуда екен. Лицензия алғанда қойылған экологиялық талаптардың орын­далуы да өз дәрежесінде қадаға­лан­бауынан жаңа әлемдік стан­дарт­қа сай арнаулы техникалық құрал-жабдықтары мен техно­ло­гиясы жоқ кәсіпорындар мұнай өндірісі қалдықтарын өңдеумен айналысып, қоршаған ортаның қосымша ластануына «үлес» қо­сып отырған көрінеді. Өндірістік қалдықтарды сақ­тау­ды және көмуді, оларды кә­деге жаратуды, яғни қайта өң­деу­ді бір жүйеге келтіріп, бақы­лау­шы және лицензия беруші уәкілетті органдардың жұмысын жандандырмаса, табиғи ресурс­тар­дың ластану деңгейі өсіп, адам тіршілігіне қолайлы қор­ша­ған ортаны қамтамасыз ету жөніндегі мақсатымыз толық орындалмайтыны күмәнсіз. Екінші мәселе. Халықтың сұ­рауы бойынша «Экологиялық ахуал­­ды жақсарту мақсатында Қы­зылорда облысының Жаңа­қорған ауданындағы Тайпақ­көл және Қан­ды­арал көлдер жүйесін қалпына келтіру» жобасы да­йын­далған. Жо­баның мемлекеттік сараптамадан өткізілген тех­ни­ка­лық-эконо­ми­калық негіздемесі, сметасы бар. Ол Қоршаған орта­ны қорғау министрлігінің 2008 жылғы 4 ақпандағы №15-Ө бұй­ры­ғымен бекітілген. Қазақ­стан Республи­ка­сының 2008 жыл­ға арналған эко­ло­гиялық проблемалар тізіліміне енгізілген. Бүгінде көлдерге жеткілікті деңгейде су келмеуінен көл­дер­дің ұлтан­дарын­да су қал­май, өсім­діктер көгеріп, иістеніп, сасық иіс ауамен тарап, кент және көлдер жүйесі бойында орналас­қан елді мекендер тұрғындары ара­с­ында түрлі жұқпалы (сары, ішек) аурулар тарау, төтенше жағ­дай­лар қалыптасу қаупі бар. Сайлаушылармен кездесулерде мәселелеріңіз шешілетін болды деп жауап беріп жүргені­мізде, қаржыландыруы 2012-2014 жыл­ға арналған республи­ка­лық бюджет жобасына енбей қалған. Мұның себебі не? Түсі­нік­сіз, ендігі жерде сайлаушылар алдында не дейміз? Құттықожа ЫДЫРЫСОВ, Мәжіліс депутаты.