Менің өз ісіме құштарлығымды әрдайым білім тереңдету, киімдерді модельдеу бойынша әртүрлі онлайн оқулардан өту, әлемдік брендтерді зерттеу, олардың тәжірбиесін қолдану арқылы шыңдай түстім. Осыдан кейін тек туыстар емес, басқа да адамдардан тапсырыстар алып бизнеске алғашқы қадамымды бастым,-дейді Әйгерім.
Балалық шағының құштарлығын табыс әкелетін кәсіпке айналдыру мақсатында Әйгерім «БанкЦентрКредит» АҚ арқылы қажет құрал-жабдықтар мен жиһаз алу үшін несиеге өтінім берді. Несиенің жалпы сомасы 2,4 млн. теңгені құрап, жылдық пайыздық мөлшері 16,5%-ды құраса, оның 7%-ын мемлекет субсидиялады. Ал «Даму» қорының кепілдігі 2,0 млн теңгені немесе несиенің 85%-ын құрап отыр.
Осылайша Атырау қаласында мемлекеттің қолдауы нәтижесінде жас кәсіпкер бизнес ашу мүмкіндігіне ие болды.