Парламент • 17 Маусым, 2017

Қазақстан мен Польша Сенаттары ынтымақтастықты нығайтады

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Сенатына Польша Сенаты Төрағасының орынбасары Мария Коц бастаған осы елдің парламенттік делегациясы келді.

Қазақстан мен Польша Сенаттары ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Сергей Громов «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне белсенді қатысқаны үшін Польшаға алғыс айтты. Қазіргі кезде көрмеде балама энергетика мен «жасыл» экономика саласындағы әлемдік технологияның үздік үлгілері көрініс тапты.

С. Громов Варшава біздің еліміздің Еуропа Одағындағы және Орталық Еуропадағы маңызды әріптесі екенін атап өтті. Оның пікірінше, Польша Президенті Анджей Дуданың биылғы қыркүйектегі Астанаға сапары ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарын ілгерілетуге ықпал ететін болады.

Қазақстан Сенаты Төрағасының орынбасары біздің еліміз Парламенті жоғарғы Палатасының конституциялық өкілеттіктерімен және еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың негізгі бағыттарымен меймандарды таныстырды.

Әңгіме барысында экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты байланыстардың келешегі талқыланды. Кездесуге қатысушылар парламентаралық байланыстарды дамытуға ерекше назар аударды.

Мария Коц біздің елдеріміз арасында қол жеткен өзара түсіністік деңгейін жоғары бағалады және Қазақстан мен Польша арасындағы парламентаралық диалогты жалғастыру қажеттігі туралы айтты.