Мемлекет басшысы Германияның бұрынғы канцлері Гельмут Кольдің қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
«Өз халқының ардақты перзенті әрі патриоты, елін біріктіруде және еуропалық интеграцияны дамытуда негізгі рөл атқарған Г.Коль әлем тарихында аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде өшпес із қалдырды.
Қазақстан халқы Г.Кольді екіжақты достық қарым-қатынасты орнатуға және нығайтуға зор үлес қосқан парасатты тұлға ретінде әрдайым есте сақтайтын болады.
Қайғыға ортақтасып, марқұмның туған-туыстарына және барша Германия халқына көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.