Кәсіпқой бокс • 18 Маусым, 2017

Андре Уорд Сергей Ковалевті қарымта кездесуде нокаутқа түсірді

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу «Хабар» арнасынан тікелей эфирде көрсетілді.

Андре Уорд Сергей Ковалевті қарымта кездесуде нокаутқа түсірді

Американың Лас-Вегас қаласында жартылай орта салмақта WBA, IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Андрэ Уорд (АҚШ) пен ресейлік бұрынғы чемпион Сергей Ковалев арасында қарымта жекпе жек өтті.

Жекпе-жек басталысымен америкалық боксшы қорғаныс мәнерінде өнер көрсетіп, қарымта шабуыл жасаумен болды. Сергейге қарағанда жылдамырақ соққы жасай білетінін көрсетіп, кей тұстарда қарсыласын қапы қалдырып жатты. Бұл тәсіл өз нәтижесін беріп, 8-ші раундта Ковалевті нокаутқа түсірді.

Еске сала кетейік, қос боксшы 2015 жылы қараша айында кездесіп, ресейлік боксшы бір ғана ұпаймен (113-114) жеңіліс тапқан еді және үш бірдей белдігінен айырылған. Бірақ Ковалев кездесу аяқталысымен бұл нәтижеге келіспейтінін айтып, бірден Андрэ Уордты қарымта кездесуге шақырды.

Олардың бірінші кездесуіндегі келісімшарттың бір тармағында қарымта кездесуге шақыра алатыны туралы жазылған. Ал бұл жолы ондай келісім жоқ.